Робенсай-Жетіасар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Робенсай-Жетіасар — ежелгі шағын қаланың орны. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы темір жол станциясының оңтүстік-батысына қарай 45 километр жерде, Қуаңдария өзені құрғақ арнасының бойында. 19461948 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспед. (жетек. С.П. Толстов) зерттеген. Қаланың үлкен қорғанмен қоршалғандығы, қақпалы, мұнаралы болғандығы анықталды. Оның жобасы түсіріліп, қазба барысында қыш заттар жиналды. Ішкі құрылыстардан еш белгі сақталмаған. Зерттеу нәтижесінде Робенсай-Жетіасардың б.з.б. 3 ғасыр мен б.з. 3 ғасыр аралығында болғаны анықталды.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Робенсай-Жетіасар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}