Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Реформация дәуірінің мәдениеті"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны қамтиды.

«Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дөуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.

Реформация дәуірінің мәдениеті

Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындауы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғ. алғашқы ширегінде неміс елінің топырагында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бақыт төрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын кайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі тол- маушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние- танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі — христиан дінінің жаңа үшінші бағыты — протестанизмнің католиктерден алшақ тай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні — оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші — идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты. Олай болса, мәдени-тарихи процесс үшін Рефор¬мацияның маңызын анықтау — бүгінгі таңдағы тарих және мәде- ниеттану ғылымдарының үлесіне тиер келелі мәселе болып қалары сөзсіз.

Реформацияның басталуы

Реформацияның басталуы — «қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адам¬зат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени төңкеріс — «қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозғалыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы — гуманизм идеологиясы- мен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның қлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бағытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адам¬ның игілігі — әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бүғауынан босатуға кұш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оныңжан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам — құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын — оның жасампаздың, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбек- пен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету — адам¬зат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам қлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация — адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу — протестанттың ағымның тосқауылына жолықты. «Ақыл-ой» иелерінжек көру, ғылымға деген өшпенділік етек алды. өз қабілеттерін қажырлы да, табанды еңбегімен дамытып, алға қойтан мақсақ тынан қайтпайтын, өздеріне сенімді Реформация қай- раткерлерінің өздері де халықтың арасынан шыққан адамдар болатын. Осы жағынан алып қарағанда, олар — білімді ақсүйектер қатарына жататын, философия, поэзия және т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген Қайта жаңғыру заманының гуманистерінен аралары едәуір алшақ болатын. Осы орайда мынандай орынды сұрақтар туындайды. Адамның үлылығын дәріптеген, болашақ ұрпаққа өнердің тамаша ескерткіштерін, өнердің сан-саласынан баға жетпес асыл мүралар қалдырған Қайта жаңғыру дәуірінің гуманистік мәдениеті мен реформа- ланған христиандық гуманизмнің аясында қалыптасқан, дүние- танымы өзгеше, жаңа дін мен адамның арасында қандай үқсас- тық бар? Осьщан келіп екінші сүрақ туындайды. Ақсүйектік — элиталық мәдениет пен дүниеге діни көзқарастың жаңа тәсілінің арасында қандай байланыс бар? Бүл сүрақтарға жауапты күні өтіп бара жатқан феодалдық қоғам мәдениетіне қарама-қарсы енді ғана қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қоғамның қойнауында туындаған Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің жаңа бағыттарының: ақсүйектік (гуманистік) және діни (реформа¬ция) табиғатынан іздеуіміз керек. «Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бүл діни қозғалыстың дем берушісі — Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бүл қозғалыс — католиктік шіркеуді қайта қүруға, діни салт- жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бүл қозғалыс¬тың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «протестанизм» деп аталатын мүл- де жаңа бағыты қалыптасты. Дін тарихында «протестанизм» деген атау 1529 ж. Шпейгер рейхстагыңда алғаш рет қолданылды. Мүнда Лютердің жақтаста- ры осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін түту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бүзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын. Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапы- нан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көпте¬ген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы — католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтьш, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан» жасауға дайын түрды. Бүл реформалардың негізгі мақсаты — жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқаңдардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бүл саясаты протестанизммен ашықтан- ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты. Тридент соборының шешімдерімен және иезуит орденінің (Иисус қоғамы) жеңістерімен рухганған бүл діни қарсылық «контр¬революция» деген атаққа ие болды. Собор шешімдерінде католиктік шіркеудің принциптері ныгайтылып, протестанттар- мен қатар, гуманистер де қатал сынға алынып, оқуға тыйым салынған кітаптардың тізімін шығарып түру туралы шешім қабыл- данды. 1564-ж. папа Пии IV-нің кезінде «Тыйым салынған кітаптардың индексі» толықтырылып қайта басылып шықты. Олардың ішінде Коперниктің атақты еңбектері, Дантенің «Қүдіретті комедиясы», Боккаччоның «Декамероны» және т.б. гуманистердің қүнды еңбектері болды. Иезуит орденінің қызметін көзге елестету үшін тарихта белгілі «Варфоломей түнінің» уақиғаларын айтсақ та жеткілікті сияқты. Францияда- ғы протестанизмнің жеңістерінен қатты қауіптенген католиктік шіркеу протестанттар қозғалысын аяусыз басып-жаншуға иезуиттерді аттандырды. Айуандыққа толы бүл уақиғалардың нәтижесінде 1572-жылдың екінші тамызында бүкіл Франция елі қанға боялды; бірнеше сағаттың ішінде ғана Парижде екі мың адам, Лионда — 800, Орлеанда — 500 адам өлтірілді, ал осыдан кейінгі уақиғалар барысында небәрі екі аптаның ішінде 30 мың протестант қанға боялды. Рим бүл жеңісті папаның нүсқауы- мен тойға айналдырып, қанды қырғынға қатысқаңдарға медаль- дар тапсырды. Осы бір жеңістердің нәтижесі болар, XVI ғ. аяғына қарай католиктік шіркеу өзін еркін сезіне бастады жөне өз ықпа- лын Италия, Франция, Германия сияқты Еуропа мемлекет- терінде күшейтуге барынша күш сала бастады. Еуропа мөдениетінің одан әрі қалыптасу процесіне христиан дінінің католиктер жөне протестанттар болып екіге бөлінуі өз өсерін тигізбей қалған жоқ. Бір ескерте кететін жайт, осындай қанды уақиғалар кезінде гуманистер екі жаққа да қосылмай бейтарап қалды. Бірақ гуманистер мен протестанттар арасындағы пікір таластары бір сәтке де толастамады. Оған гуманист Эразм Рот¬тердамский мен Мартин Лютердің «Адам еркінің бостандығы» төңірегіндегі таластары дәлел бола алады. Бұл талас барысында Лютер Эразмды папаның саясатын қолдады деп айыптаса, Эразм өзара талқыға түскен мәселенің мүлде басқаша екендігін дәлел- деуге тырысты. Бірақ орын алған қарама-қайшылықтарға қара- мастан гуманистер де, протестанттар да өздерінің іс-әрекеттері арқылы, идеялық бағыттары арқылы менталитеттің жаңа түрінің қалыптасу процесін жылдамдата түсті, соның нәтижесінде бо- лашақ XVII ғ. мәдениетінің жаңа үлгісінің қалыптасуына жол ашып берді. Ол адамның ақыл-ойының жемісі, оның шығарма- шылығының ерекше саласы — ғылым мен өзінің кәсіби қызметінде шіркеу ықпалынан тәуелсіз, өзін еркін сезінетін ғалымдардың жаңа типі болатын. Мұндай ойшыл-ғалымдардың қатарына ғасырлар бойы білім дариясынан сусындаған гуманистерді жатқызамыз. Галилейдің пайымдауынша, барған сайын табиғаттың өзі де білім көзіне айналып, кітаппен сабақ- тастық табады, өйткені табиғаттың өзінен-ақ оның өз заңды- лықтарын танып-білуге болады. Гуманистер де, протестанттар да нағыз білім көздерін ашуга өрекет жасады. Бұл міндетті жүзеге асыру барысында олардың арасында қайшылықтар болмады десе де болады, бар болғаны гуманистер көне классикалық өдебиет пен философияға, ал реформаторлар Библияға жүгінді. Бірақ бұл айырмашылыққа қарап, олардың арасында байланыс болмады, гуманистер Библияны оқымаған екен, ал протестанттар Платон мен Аристотельді білмеген екен деген асығыс қорытынды шығаруға тағы болмайды. Әрине, олардың дүниеге көзқарастары эр түрлі болды, сондықтан да болар олар эр түрлі мөселелер төңірегінде қызу таластарға дейін барды, бірақ олардың рационалдық білім жүйелерінің, мөлшері мен өдістерін қалыптастыру жолындағы мөдени қызметі қарқынды жүргізілді. Солай десек те, гуманис¬тер мен реформаторлардың ғылым мен білім жолындағы ізденістерінде айтарлықтай айырмашылықтарды да байқауға болды. Гуманистер классикалық өдемі тілді, көне заман мен христиандық мөдениет даналығын өз бойына сіңіре білген әрі бай, өрі әдемі латын тіліне бас иді. Олар танымның мәнін адам¬ның бұл дүниеде алатын орнымен байланыстыра қарастырып, білімнің адам өмірін қайта өзгертудегі атқарар қызметінің үшан- теңіз екендігіне баса назар аударды. Ал реформаторлар болса Христосқа деген өз сенімдерінің ақиқаттығын басты орынға қойды жөне оның ілімін насихаттай отырып, біліммен қатар адамгершілік қасиеттерді, сеніммен өмір сүруді алға тартты. Олар айтылған ойдың ақиқаттығы көне заман даналары мен осы заманның ғалымдарының, одан қалды Рим шіркеуінің діни қайраткерлерінің беделімен, немесе со- лардың айтқан қағидаларына сүйену арқылы дәлелдену керек деп санады. Олардың пікірінше, қүдай сөзі әрбір адамға арнал¬ған, соған бағытталған, ал өз кезегінде күдай сөзін шын жүрек- тен қабылдап-үғыну, оған сеніммен қарау — өрбір адамның өзіне байланысты. Жеке адамның сенімі қүдай жайындағы ақиқатты білуді қажет етеді, демек Лютердің жолын қуушы өрбір адам бүл қағиданы ескере отырып, Библияның мөн-мағына- сын, мазмүнын жете түсініп, оны меңгере білу қажет. Протестанттардың ілімі бойынша, өмір мен сенімнің ережелері мьшандай: шіркеуге де, схоластарға да, көне заманның данала- рына да сенбе, тек өз басыңның сенімімен айқындалған ақыл- ойыңа сен, бірақ оның барлығы Библияның қағидаларына сөйкес келуі қажет, өйткені Библия — ақиқаттың айнасы, олай болса оны танып-білу процесі шексіз болып келеді. Мүнда реформа¬торлар беделінің Библия беделінен өруақытта төмен болу керек екендігін естен шығармау баса айтылады. Демек, протестанттық ілімінің бүл принциптерінен жаңа заманның ғалымдары мен философтары үлгі түтарлықтай біршама қағидалар мен ғылым жо¬лына бағыт берер ережелерді аңғарьш-байқауға болатын сияқты. Шынында да, Лютер іліміне сүйенсек, адамның қүдаймен тілдесуі — адамның жеке басының сенімі негізінде ғана жүзеге асырылады, ал сенім мәселелерінде адаспас үшін, оның акиқаттығына көз жеткізу үшін, өрдайым Библияға жүгіну қажет. Лютер дін жолы¬на түскен өрбір адамның сенім жөне адамгершілік мәселелерінде тәуелсіз болуын жақтай отырып, ар-үждан болатындығын алға тартты. Лютер Библияны неміс тіліне аударып, оны неміс халқ¬ының игілігіне айналдырды. Реформацияны одан әрі түбегейлі жалғастыруға бағыт алған- дардың бірі — Ж. Кальвин (1509—1562 ж.) протестанизмнің беделді ағымының негізін қалады. Жаңадан қалыптасқан «кальвинизм» ағымы христиан дініне табыну мен шоқыну рөсімдерін одан өрі жеңілдетті, шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында оны мемлекеттен бөлді жөне шіркеуге республикалық сипат (шіркеу басшыларының сайланып тағайындалуы) берді. Ол «Адам тағдырының жазмышқа тәуелділігі жөніндегі» ілімді одан өрі тереңдетіп, оны абсолюттік фатализм дәрежесіне жеткізді. Әрбір адамның тағдыры, оның өмірге келуі, азабы мен қуанышы және т.б. алдын-ала белгіленген, оны ешкім де өзгерте алмайды, өйткені бәрі де бір қүдайдың қолында. Кальвинизм адамның өмірлік қажеттіліктерін шектеуді уағыздады, өмірдің рахатынан бас тартуды талап етті, табанды еңбек етуге, азаматтарды өзінің кәсіби шеберлігін ұдайы арттырып отыруға және Библияны оқып-білуге шақырды. Осы игілікті істердің толық жүзеге асырылуы — адам¬ның қүдай алдындағы мерейін көтерсе, ал жалқаулық, қызық- қүмарлық, өмір рахатына тоймаушылық сияқты қасиеттер адам- ды күнәға батырып, кедейлікке апарар жол деп саналып, ал ақша- ны ысырапсыз шашу, той-думанмен уақытты босқа өткізу, дүниені бостан-босқа талан-таражға салу күнә болып есептелінді. Кальвинизмнің байлық пен думаншылдықты сынауы мәдениет пен өнердің эр саласына өз әсерін тигізбей қойған жоқ, сондық¬тан да болар, той-думандарға тыйым салынып, дін жолындағы адамдардың сүреңсіз, қызықсыз өмірі басталды, ал оған қарсы шыққандар қатаң жазаланды. Буржуазиялық өмір салтына сай келетін «кальвинизм» негізінде түрлі ағымдар мен протестанттық секталар пайда бол¬ды. Олар баптистер, адвентистер, конгретационалистер, пури- тандар және т.б. Осылардың ішінде рухани жағынан ғана емес, барлық жағынан алғанда кальвинизмге ең жақын келетіні — «пуританизм» (ағылшынның «таза», «шынайы» деген сөздерінен шыққан) ағымы болды. Оның негізін қалаушы ағылшын Д.Но- ке болды. Пуританизм уағыздаған қүндылықтар мен өмір сүру салты жоғарыда көрсетілген көптеген ағымдарға ортақ болды. Ендігі жерде кальвинизм шіркеуінің дүниетанымы мен өмір салтын қабылдап, соның жолын қуушылар пуритандар деп атала бастады. Жаңа ағым «бүқаралық аскетизмді» асыра бағалаумен, діни салт-жоралардың қаталдығын фетишизациялаумен, үнемшілдікпен, діни ынта-жігермен және т.б. байланысты бол¬ды. Пуританизм этикасы риторизммен сипатталды, ол адамдар арасындағы қарапайым қарым-қатынастарды жақтап, өмірлік қажеттіліктерді барынша шектеуді уағыздады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, пуританизм этикасы байлыққа, ысырапшыл- дыққа, думаншылдық пен сауықшылдыққа жол бермеуге ба- рьднша күш салды. Пуританизм өкілдері үқыпты болды және белгіленген салт-жораларды қатаң орындап, қүдайға қүлшы- лық етіп, тақуалақ қарапайым өмірге бет бүрды. Бірақ бүл қарапайымдылық пен байсалдылықтың астарында астамшылық бай- қалды, өйткені олар христиан дінінің бір саласының ғана өкілдері екендігін місе түтпай, өздерін қүдайшылдық миссияны (міндетті) дүниежүзілік тарихи көлемде атқарушылармыз деп санады. Олар адамзатты қүтқарудың ақиқат жолын жүзеге асыруды қүдайта- ғала католиктерге емес, протестанттарға жүктеген деп мәлімдеді. Ал бүл жағдай олардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, дін жолынан таймайтындай дәрежеге жеткізді. Олардың бойында жан-дүние дәрменсіздігі, күмәндану, толқу сияқты қасиеттер болмады десе де болады. Сондықтан да 1620 ж. діни саяси қуғын- дардың нәтижесінде Еуропадан Солтүстік Америкаға қоныс аударуға мәжбүр болған христиан дінінің радикалдық протес- танттық-пуритандық тармағының өкілдері жаңа үлт пен үлттық мәдениеттің қалыптасуына үйытқы болды. Сонымен Реформация жеңісі қоғамдық өрлеу туғызып, үлттық мәдениетті ғана емес, дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Реформация ешқандай әлеуметтік-саяси идеалды жарияламаса да, қоғамды жікке бөлуді талап етпесе де, көркемдік шығармашылық саласында қомақты жетістіктерге жетті, ол ғы¬лыми жаңалықтар ашпаса да адамның сана-сезімін өзгертгі және адамзат алдында жаңа рухани белестер ашты. Адам еркін ойлауға мүмкіндік алды, ғасырлар бойы үстемдік еткен шіркеу ықпа- лынан босанды, әрекетіне бағдар берер бағыт белгіленді. Ол баг- дар — ізгілік-адамгершілік қасиеттерге, адамның ақыл-ойына, ар- үжданына байланысты болды. Реформация буржуазиялық қоғам адамының қалыптасу процесін жылдамдатуға түрткі болды. Адам¬ның тәуелсіз болуы, адамгершілік жолын өз еркімен тандауы, өзінің іс-әрекетгеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы — сөзсіз адам қүқы идеяларыньщ дүниеге келуіне қолайлы жағдай туғызды. Шынды- ғында да, протестанттық идеялар қойнауында дүниені жаңа көзқа- распен қабылдайтын жаңа, буржуазиялық қоғам адамьшың бейнесі жатгы. Қорыта келгенде, Батыс Еуропа елдерінде туындап келе жатқан қапитализмнің, одан қалды индустриалдық буржуазия¬лық өркениеттің рухани және идеологиялық бастауы — протестанизм идеяларында жатыр. Протестанизм — жаңа қоғамдық құрылыстың қарқынды дамуына, оның прогресс жолындағы қадамына айқара жол ашты.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Реформация дәуірінің мәдениеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}