Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Реакция жылдамдығы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жаңа бетте: {{Тексерілмеген мақала|date={{subst:#time:F Y}}}} <!-- БҰЛ МӘТІНДІ ӨШІРМЕҢІЗ! БҰЛ ҚАТАРДАН КЕЙІН ЖАЗЫҢЫЗ! --> ''...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

13:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тексерілмеген мақала Реакция жылдамдығы- гомогенді жүйелер үшін реакция жылдамдығы деп уақыт бірлігінде реагенттер мен өнімдер концентрациясының өзгеруін айтады. Уақыттың бас кезінде реагенттер концентрациясы ең үлкен, ал өнімдер концентрациясы нөлге тең. Реакция жүруі кезінде реагенттер концентрациясы азаяды, ал өнімдер концентрациясы өседі.

Катализатордың реакция жылдамдығына әсері

Катализатордың әсері. Катализатор дейтініміз – реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ реакция нәтижесінде өздері химиялық өзгермей қалатын заттар.Әрбір реакцияның өзіне лайықты катализаторлары болады, ол катализатор басқа реакцияларға әсер етпеуі мҥмкін. Кей жағдайда әр түрлі катализаторлар қолданып, бір заттан бірнеше өнімдер алуға болады. Реакцияға катализатор қатысқандықтан ондағы актив молекулалар саны артады, содан барып реакциялар жылдамдығы артады. Катализаторлар қатты, сұйық және газ күйінде де болады. Қатты катализаторлардың катализаторлық активтігінен айырылып қалуы оның улануы, мұндай заттар катализатордың уы деп аталады

Реакция жылдамдығына реагенттердің табиғатынәң әсері

Мұнда басты рөлді қосылыстардағы химиялық байланыстардың түрлері, олардың молекулаларының құрылысы атқарады. Әрекеттесуші заттардың жанасу беткейі қаншалықты үлкен болса, реакция соншалықты тез жүреді. Қатты заттың бетін ұсақтау немесе еріту арқылы үлкейтуге болады. Ерітіндідегі реакциялар негізінен өте тез өтеді.

Реакция жылдамдығына температураның әсері

Газдар арасындағы он градусқа көтергенде реакция жылдамдығы екі-төрт есе өседі. Ерітіндіде жүретін реакциялар үшін температура көтерілгенде, жиірек газдар реакциясындағыдай жылдамдық та солай күшейеді. Температураны өсіргенде молекулалардың саны, яғни соқтығысар кезінде энергиясы көп молекулалар саны артады. Және өнімдер тезірек түзіледі.

Реакция жылдамдығына реагенттер концентрациясының әсері

Әрекеттесу болуы үшін гомогенді жүйеде әрекеттесуші заттар бөлшектері соқтығысуы керек. Соқтығысу саны реактор көлеміндегі әрекеттесуші заттар бөлшектерінің санынан, яғни олардың молярлық концентрацияларынан пропорционалды. Реакция үшін жүйенің берілген көлемінде алынған затың мөлшері көбірек, яғни реагенттердің бастапқы концентрациясы жоғары болса, бөлшектердің соқтығысуы соғұрлым көп және реакция жылдамдығы жоғары болады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <ref>Оқушы анықтамасы, физика,химия, биология, Арман ПВ баспасы. </ref>