Райхан Әбдешқызы Ерғалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Райхан Әбдешқызы Ерғалиева (26 наурыз 1954 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы) – өнертану ғылымдарының докторы (2001).

Өмірбаяны

Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және архитектура институты (1976) мен Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1983) бітірген; осы институтта лаборант, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері

«XX ғасырдағы қазақтың бейнелеу өнері және дәстүрлі дүниетанымы. Кескіндеме. Мүсін» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ерғалиева 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның («Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана. Живопись. Скульптура», 2002) авторы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Отбасы

Тұрмыста. Жұбайы - Тоқмағамбетов Әлкен Шұғайбекұлы, ҚР ҰҚК Әскери институтында жұмыс істейді.

Ұлы - Тоқмағамбетов Данабек (1979 жылы туған); қыздары - Тоқмағамбетова Ася (1982 жылы туған), Тоқмағамбетова Роза (1982 жылы туған).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}