Поликлет, Аргостық Поликлет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:31, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Поликлет, Аргостық Поликлетгрек мүсіншісі әрі өнер теоретигі; б. э. бұрынғы 480 ж. шамасында туған; творчествосы 460—410 жж. гүлденді; б. э. бұрынғы V ғ. аяғында дүние салды. Ертедегі жазушылар мәліметтеріне қарағанда, Поликлет мүсінші Агеладтың шәкірті болған, мүсіндерін көбінесе қоладан сомдаған, атлет жігіттер мусіндерінде шебер кемел дене сұлулығы мен азаматтық ерлік мұраттарын бейнелеген. Бұл мұрат Поликлет тұңғыш рет орнықтырған адам тұлғасы пропорцияларының ерекше жүйесінен көрініс тапты. шебер алтын мен піл сүйегінен алып діни мүсіндерді сомдаумен де айналысты. Поликлеттің «Амазонка» атты еңбегі Фидий, Кресилай мен Фрадмон қатысқан бәйгеде бірінші орын алды. Аңызға қарағанда, бұл мүсіншілердің өздері Поликлет сомдаған мүсінді ең үздігі деп мойындаған. Оның шәкірттері мен мұрагерлері көп болған. Ұлы шебер шығармаларынан біздің заманымызға атлет Киниск (Британия музейі), «Дорифор» (Неаполь, Ұлттық музей), «Жаралы амазонка» (Берлин) және басына жемелек тағып жатқан жігіт, «Диадумен» (Афины, Ұлттық музей) мүсіндерінің римдік мәрмәр көшірмелері жеткен.<ref>Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}