Пиктограмма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:19, 2017 ж. наурыздың 4 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Пиктограмма (Үлгі:Lang-la- бейнеленген + Үлгі:Lang-el - жазба, жазу)<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> - белгілі бір мағлұматты қарапайым графикалық түрде бейнелейтін кескіндер. Оларға нысанмен үйлесімділік және мазмұнның танылуы тән. Толқынды сызықтар - судың белгісі, жарты айдың кескіні - айдың белгісі, садақты адам - аңшы белгісі, яғни кескінделген таңба белгілі нысан немесе оқиғаның мазмұнды сипатын танытады.

Пиктограмма фонетикалық жазу таңбаларына қарағанда кез келген тілде оқылу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Пиктограмманың екі түрі бар: бейнеленуші нысанмен немесе ұғыммен ұксастығы сақталған бейне, яғни иконалық пиктограмма және мағлұмат мазмұнынан сыртқы ұксастығын жоғалтқан символикалық пиктограмма. Пиктограмма ақпараттың барлық құрамдық элементтері қамтылған күрделі бір таңбадан тұрады, сонымен қатар хабарлар жүйесін жеткізуде жекелеген кадрлар түріндегі суреттердің тізбекті бірізділігінен түзіледі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.

ISBN 9965-08-235-9</ref>

Пиктограммадан қытай немесе жапон сияқты жазбалар дамып шыққан деген деректер бар.

Қақпа Ағаш От Адам Өзен Тау

Пиктограммалар жаһандану заманында үлкен маңызға ие болып келе жатыр. Себебі олар ақпаратты қандай да болмасын тілге тәуелсіз және жылдам жеткізеді, әрі қауіптен сақтандыру мақсатында ролі ерекше.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пиктограмма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}