Пақыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:10, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Пақыр(араб. факир) - кедей, тұрмыс жағдайы мүшкіл адам. «Кедей» адамды пақырды «бай» адаммен (ерікті, ауқатты) салыстыра отырып, оны Аллаһтың әмірі деу мұсылман қауымына тән жағдай, ол Құранда атап көрсетілген. Екінші жағынан сол Құранның өзінде кедей атаулыға қамқорлық жасау сунна деп айтылған. «Кедейлікті» сопылық ілімі және аскеттік, яғни тіршіліктің рақатынан безіну ағымдары да сөз етеді. Пақыр сөзі дәруіш пен сопы сөздерінің баламасы ретінде қалыптасты. Ақындар да, ғұлама ғалымдар да өздерінің қанағаттылығы мен қарапайымдылықтарын айта келіп, өздерін пақыр санаған. Мұндай ұғым тұрмыста да жиі кездеседі. Еуропа тілдерінде, сол сияқты орыс тілінде пақыр атауы үнділіктердің иогтары мен аскеттеріне байланысты қолданылған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub