Парасат ордені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Order of Parasat.jpg
"Парасат" ордені

ПарасатҚазақстан Республикасының ордені. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 1993 жылы белгіленді. “Парасат” орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтарды марапаттайды.==

Сипаттамасы

Орденнің ортасында шеңберлі көмкерменің ішінде “Парасат” деген жазу бар, шеңбердің сырты кристалл тектес сегіз үшкіл шашыраңқы өрнекпен көмкерілген. Шеңбердің ортасында тазалыққа меңзейтін қар кристалына ұқсас бедер жасалған <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007, ISBN 9965-32-491-3</ref>.

«Парасат» ордені 1993 жылы белгілейді. «Парасат» орденімен Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту мен молайтуға жеке үлкен үлес қосқан, сонымен қатар адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерді қорғау жөніндегі белсенді қызмет еткен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да азаматтар марапатталады <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>.

Тағы қараңыз

Cыртқы сілтеме

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжа

Дереккөздер

<references/>