Палеозоология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Палеозоология (палео… және зоология) – геологиялық өткен дәуірлерде тіршілік етіп, өліп біткен қазба жануарлардың құрылысын, таралуын, өзара және осы кездегі жануарлармен туыстық қатынасын зерттейтін ғылым: палеонтология мен зоология саласы.
Қазақстанда қазба жануарлардың жекелеген қалдықтары 18 ғасырдың 2-жартысында табылды. Палеозоология саласындағы жүйелі зерттеулер кеңес дәуірінде басталды. Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты (омыртқалы жануарлар бойынша), Геология институты (омыртқасыз жануарлар бойынша), т.б. ғылыми ортлыққа айналды. Республикада антропоген сүтқоректілерінің атласы жасалып, гиппарион және антропоген фаунасы, еттұмсықтылар туралы деректер жүйеге келтірілді; көне дәуірде Қазақстанда тіршілік еткен тасбақалар табылған жерлер жөнінде мәліметтер жиналды.
Трилобиттер, брахиоподтар, басаяқты моллюскалар жөніндегі зерттеулер қорытылды. “Қазақстан фаунасы мен флорасының тарихы жөніндегі материалдар” атты көп томдық жинақ жарық көрді. Палеозоология жетістіктері корреляц., стратиграфиялық сұлбалар мен геологиялық карталар жасау үшін пайдаланылады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Палеозоология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}