Орта ғасырлар кезеңінің антропологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Орта ғасырлар кезеңінің антропологиясы — ертедегі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жергілікті мекендеуші- лердің бүкіл қоғамдық-саяси құрылысы мен этникалық-мәдени өмірінің мүлдем өзгеруімен ерекшеленеді. Сол кезден бастап Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағы, соның ішінде Қазақстан да ертедегі түріктердің қуатты этникалық-мәдени қауымдастығының өрісіне енді. Бұл аумақ ауқы- мында түрік тайпалары үшін ең белсенді тарихи орталық Алтай болды, шамамен алғанда, б. з. б. V ғасырда Ашина әулеттік руының өмір сүруі кезінен одан әрі солтустік-батысқа қарай қоныстанып, Оңтүстік Сібірдің көп бөлігін, Қазақстанды, Орта Азияның солтүстік және шығыс бөлігін, Еділ бойын, Шығыс Еуропаға дейін қамтыған көшпелі түріктердің негізгі көпшілігі сол жерден шыққан. Бірқатар ғасырлар бойы Орталық Азиядан шыққан өзге тайпалардың экспансиясынан гөрі, жергілікті мекендеушілермен бірте-бірте және ұзак уақыт бойы этникалық-мәдени бірігу, көбінесе қан араластыру басты орын алған Ұлы дала белдеуінің тарихи дамуының бүкіл барысы түркі тілдес тайпалардын бір-біріне одан әрі ықпал етуі мен этникалық-саяси одақтары мен мемлекеттерінің құрылуы үшін берік негіз дайындады.

Түріктер заманы

Түріктер заманының (VI г. — XIII ғасырдың басы) жинақтап алынған храниологиялық деректеріне талдау жасау Қазақстан аумағынан еуропеоидтік элементтер монғолоидтік элементтерден біршама басым болатын аралас антропологиялық тұрпатқа тон морфологиялық белгілер кешенін анықтады. Орта есеппен алғанда бұл кезеннің халқында: бас сүйегінің ұзындығы орташа (179,1 мм), жалпақ (147,3 мм), биіктігі орташа (133,2 мм), брахикранды (82,4), мандайының кендігі орташа (96,0 мм) және еңістенуі орташа (83,90), кеңсірігінің үсті біршама дөнес және қабағының доғасы орташа жетілген, бет сүйегі шығыңқы (73,3 мм) және жалпақ (139,1), тайқылау, көлденеңінен қарағанда бұрыштану шамасы орташа (назомалярлық — 143,70°, зиго-максиллярлық — 133,60°), мұрны біршама ұзын (биіктігі — 53,2 мм, ені — 25,4 мм), мұрын сүйегі біршама шығыңқы (26,20°) және кеңсірігінің биіктігі — 3,8 мм, көз аңғарының биіктігі орташа (33,5 мм), азу тіс шұңқырының терендігі орташа болған. Үйсіндер заманынан шыққан морфологиялық өзгерістер негізінен алғанда бас сүйек төбесі биіктігінің аздап кемуіне, брахикрания дәрежесінің күшеюіне, бет жағының біршама кеңеюіне және көлденеңінен де, ішінара тік жазығынан да барлық деңгейде оның сәл көбірек толығуына қатысты болды. Өзгерістердің мұндай бағыты, анығын айтқанда, монғолоидтік тектер (гендер) қосылуының одан әрі жалғасуының нәтижесі болып табылады, жоғарыда атап өтілгеніндей, ол ертедегі темір дәуірінде басталды, сонан соң Қазақстан аумағына Орталық Азия тайпаларының, соның ішінде ғұндардың, ал қарастырылып отырған кезенде — түріктердің келуіне байланысты біртіндеп ұлғая берді.

Қазақстанның түрлі аймақтарына Орталық Азия түріктерінің ену дәрежесі мен олардың жергілікті мекендеушілермен араласып-сіңісу үрдісі біркелкі болған жоқ. Бұл ескерту көбінесе физикалық қарым-қатынасқа қатысты, ал этникалық-мәдени кірігу (этнонимнің, тіл мен сөздің, мәдениеттегі дәстүрлердің, шаруашылықты жүргізу элементтерінің араласуы), неғұрлым терең және жедел сипатта болса керек.

Храниологиялық материалдарды аймақтық тұрғыдан зерттеудің көрсет- кеніндей, Қазақстанның шығыс және көбінесе оңтүстік аудандарынан табылған алдыңғы орта ғасырлардағы бас сүйектерінің сан жағынан ең көп тобында Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан топтарына қарағанда еуропеоидтік белгілер едәуір көп екенін айта кеткен жен. Мәселен, Жоғарғы Ертіс өңірінің орта ғасырлардағы ескерткіштерден алынған бас сүйектердің топтарында беттің брахикраниясы орташа (80,9), кейбір топтарда мезокрания, биіктігі орташа (72,0), ал кейде аласа (66,0 мм) болуы, ені орташадан (134,0 мм) үлкен (141,2 мм) көлемге дейін араласып отыруы, мұрын сүйегінің едәуір шығынқы болуы (24,0—32,30°) байқалады. Сол арқылы бұл топтар, бір жағынан, өзінің алдындағы үйсін халқымен тығыз тектік байланысын аңғартады, екінші жағынан, Алтай тауының етегіндегі ұқсас халықпен морфологиялық жақындыкты көрсетеді, ал Таулы Алтайды мекендеушілерге қарағанда, ол да біршама еуропеоидтік сипатта болатын. Атап өтерлік қызғылықты бір нәрсе, Жоғарғы Ертіс бойындағы қимақтар мен Солтүстік-Батыс Алтай сросткиндіктері ескерткіштерінің археологиялық материалдарындағы мәдени сипаттарда да белгілі бір ұксастық табылады. Халықтың солтүстік-шығыс байланыстарының басым, ал оңтүстік-шығыс байланыстарының әлдеқайда аз дәрежеде болганын Ертіс бойы топтарын- дағы оралдык түрпатты белгілері бар бірлі-жарым бас сүйектер дәлелдей алады, оның Батыс Сібірдін орманды және орманды-далалық өңірінің орта ғасырлардағы мекендеушілеріне тән болғаны мәлім.

Еуропеоидтік компоненті көп бас сүйектер топтары шоғырланған басқа бір аймақ — Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық, археологиялық кешендері. Атап айтқанда, Тектұрмас қорымдарынан алынған топтарда өздерін Арал өніріндегі Миздахқан зиратының және Өзбекстандағы Фринкент135 мазарының X—XII ғасырлардағы қабірлерінен алынған материалдармен жақындастыратын морфологиялық ерекшеліктер бар. Бұл жәйтті Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы көшпелі және отырықшы халық арасындағы өте тығыз генетикалық қарым-қатынаспен түсіндіруге болады.

Антропологиялық материалдарды зерттеу ертедегі орта ғасырлардағы Қазақстан халқының этникалық тарихы мен нәсілдік-генезіндегі бірқатар өзекті тұстарын атап өтуге мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен белгілі бір аумақты ертедегі және орта ғасырлардағы мекендеушілер арасындагы негізгі антропологиялық белгілердің тікелей сабақтастығына қатысты. Келесі жағдай — Қазақстанның әр түрлі аудандарында қан араласуының қарқыны мен дәрежесінің бірдей болмауы. Аумақтық храниологиялық топтардың нәсілдік құрамындағы еуропеоидтік және монғолоидгік компонентгердің әр түрлі арақатынасына байланысты жалпы полиморфизмнен басқа, компоненттердің өз ішіндегі кейбір ала-құлалықты атап өтпеуге болмайды. Еуропеоидтік компонент ертедегі андроновтық түрпатпен қоса, шығыс Жерорта тенізіне тән тұрпаттың (Қазақстанның онтүстігі мен батысында) және Орта Азиядағы қос өзен аралығындағы нәсілге тән брахи- краниялық еуропеоидтік тұрпаттың (Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында) элементгерін де қамтиды. Монголоидгік компонентте де Орталық Азиядағы тұрпаттағыдан басқа, Орал тұрпатты нәсілдің қосындылары бар (Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде). Басқа бір маңызды жағдай мынада: антропологиялық материалда біз ден қойып отырған аумақта халықтың толық немесе едәуір дәрежеде араласқаны туралы мағлұматтар жоқ. Барлық жағынан алып қараганда, келімсек түркі тілдес топтар жаппай бір мезгілде ағылып келмеген, қайта, біртіндеп, шағын топтар болып келген. Түркі тілдес атауларға келетін болсақ, олардың Қазақстан мен көршілес аумақтардың орта ғасырлардағы халқы арасында кеңінен және салыстырмалы түрде неғұрлым тез әрі оңай таралуы бірқатар жағдайларда азды-көпті тәуелсіз, яғни тектік (генетикалық) қарым-қатынассыз немесе қалай дегенмен де, едәуір әлсіз дәрежедегі тәуелділікте болуы мүмкін. Мұндай құбылыстың түркі тілдес халықтардың этногенезіндегі шектен тыс көрінісі ретінде әзірбайжандар мен Анадолы түріктерін мысалға келтіруге болады, олардың ертедегі еуропеоидтік физикалық негізіне азиаттық нәсілдік ділдің ықпалы тиген жок, ал лингвистикалық жағынан ертедегі үнді-еуропалық тілді түрік тілдерінің біреуі (бұл ретте — оғыздардын шагын тобының) толық алмастырды.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3</ref>

Тамғалы петроглифтеріШвеция Ілі өзенінiң каньонындағы будданың жартас суреттерi. Қазақстан, Алматы облысы.НорвегияАҚШИталия Ирландия

Дереккөздер

<references/>