Оралхан Көшеров
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Оралхан Көшеров- Республикаға танымал болған сазгер, әнші. Күршім ауданы, Топтерек ауылында туған. Еңбек жолында қарапайым жұмыскер болып жүріп, аудандық мәдениет бөлімінде әнші болумен байланыстырды. Өмірінің соңғы 10 жылында ән жазумен айналысты.
Семей қаласының музыка училищесіне түсіп, бір курсын ғана тәмәмдайды. Күршім ауданының мәдениет бөлімінде қызмет атқарып, көптеген концерттер берген.
Оны жұрт «Шығыстың Шәмшісі» деп атайды. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді. Оралханның да артына жүрегінен 53 ән - 53 перзенттің қалғаны бүгін әуен, бүгін жыр.
Халқы еркелеткен сазгер-әншінің «Боздала», «Достарыма», «Туған жер», «Ескі әнді шеше, қозғама», «Алғашқы махаббат», «Алтай», «Інілеріме», «Өскемен-әнім» атты әндері мен термелерін бүгін шығыстағы қазақтың бәрі айтады.
Ол небәрі 42 жыл өмір сүрді. Бірақ, ол өмірге ғашық еді. Әнге ғашық еді. Ол Мұқағалиды «пірім» дейтін.
1996 жылы талантты сазгер өмірден қайтады.
2004 жылдың 27-28 сәуірлерінде облыстық мәдениет басқармасы мен Күршім ауданының әкімінің бірлесуімен композитордың 50 жылдық мерейтойына орай «Оралханның көктемі» атты әншілер байқауы өтті. Алматыдағы «Мәликә» студиясынан марқұмның бірнеше әндері жазылған үнтаспасы жарыққа шыққан. Әйгілі «Достарға» әнін белгілі әнші Мақпал Жүнісова республикаға танытты. 2005 жылы «Есіңе мені алғайсың» атты жинағы басылып шықты.<ref>Туған жер әуендері [Мәтін] : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы = Земли родной напевы. - Өскемен, 2005. - Б. 49.</ref><ref>Шығыс жұлдыздары. Энциклопедиялық анықтамалық. 1-ші том. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары [Мәтін] / құраст. Ұ. Есдәулет. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 231.</ref>