Олег Постников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:03, 2014 ж. мамырдың 12 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Олег Юрьевич Постников - 1939 жылы 13 қаңтарда Ресейдің Тула облысы, Тула ауданы Новобиссовка селосында туған. 1958 жылы Минеральные воды қаласында техникалық училищені бітіргеннен кейін, Қазақстанға келген. Слесарь, электрик, құрылысшы болып жұмыс істеген. Он жылдан астам уақыт қалалық, аудандық және облыстық газеттерде еңбек еткен, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған. М.Горький атындағы әдебиет институтының поэзия бөлімін бітірген. Оның бірнеше жыр кітабы, повестері жарияланған. Қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударып келеді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}