Николай Николаевич Рукавишников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:44, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Рукавишников Николай Николаевич

Рукавишников Николай Николаевич(18. 9. 1932 жылы-19.10.2002 жылы) – СССР-дің ұшқыш-космонавты, Совет Одағының Батыры орденін 2 рет алған. 1970 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеудін инженерлік физикалық институтын бітірген соң (1957) конструкторлық бюрода қызмет етті. 1967 жылы космонавттар отрядына қабылданды. 1971 ж.ылы 23 - 25 сәуірде сынаушы инженер ретінде А. С. Елисеев және В. А. Шатоловпен бірге "Союз-10" космос кораблімен ғарышқа ұшты. 1971 жылы 24 сәуір "Союз-10" космос кемесі "Солют" ғылыми станциясымен түйістірілді. Экипаж мүшелері "Салют" ғылыми ст-сында тех. және ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді. Р. "Союз" – "Аполлон" космос корабльдерінің ұшу программасының дайындығына қатысты. 1974 жылы 2-8 желтоқасанында ол Ф. В. Филипченкомен бірге "Союз-16" кемесімен ғаршқа ұшты. Ұшу кезінде космос кораблінің өзі сыналды әрі көптеген ғыл.-зерттеулер жұмыстарын жүргізді. 4 рет Ленин орденімен т.б. медльдармен марапатталған. <ref>Қазақ совет энцеклопедиясы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер