Несеп-жыныс жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:07, 2016 ж. ақпанның 28 кезіндегі YiFeiBot (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Gray1106.png
Несеп-жыныс жүйесі.

Несеп-жыныс жүйесі (мочеполовая система); (systema urogenitalis, грек, systema — жүйе, urina — зәр, несеп; genitalia — жыныс) — адам мен жануарлардың филогенезі (ұзақ тарихи даму) мен онтогенезінде (жеке даму тарихы) зәр бөлу және көбею мүшелерінің біртұтас қалыптасқан жүйесі. Несеп-жыныс жүйесі өз кезеңінде несеп бөлу және көбею (аталық, аналық) мүшелері жүйелеріне бөлінеді. Организмнің онтогенезінде бастапқы бүйрек (пронефрос) өзегінен ұрғашы дарақтарды жыныс жолдары (жатыр түтігі, жатыр, қынап), ал аралық бүйрек (мезонефрос) өзегінен еркек дарақтардың жыныс жолдары (тұқым әкеткіш өзекшелер, ен қосымшасының өзегі, шәует жолы, несеп жыныс өзегі) дамиды. Несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің эпителий қабаттары мен бездерінің паренхималары мезодерманың нефрогонадотомынан, ал дәнекер ұлпалық стромалары мезенхимадан дамиды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Несеп-жыныс жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}