Мәкәлім Қойшыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:М.Қойшыбаев.jpg
М.Қойшыбаев.jpg

Қойшыбаев Мәкәлімің шығармашылығы

Қойшыбаев Мәкәлім (10.5.1926, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы – 12.2.1986, Алматы қаласы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971)<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>. Алматыдағы музыкалық училищесін (1952), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1959). 1960 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. Қазақтың “Той бастар”, “Шахтер жыры”, “Жастар әні”, Абайдың өлеңіне шығарған “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп” секілді әндері мен романстары ел арасына кең тараған. Ұлт аспаптар оркестрге арнап: “Қазақстан”, “Жастық”, “Концерттік күй”, “Атырау дүбірі”, т.б. поэмалары, “Мәншүк”, “Құрманғазы”, “Туған жер”, “Ардагерлер” симфониялық поэмалары, эстрада симфония оркестріне арнап: “Қазақ биі”, Сюита, “Күй-поэма”, “Увертюра”; домбыраға арналған: “Жарыс”, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: “Романс”, “Көктем биі”, “Өмір гүлі”, т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драмалық спектакльдерге (І.Есенберлиннің “Таудағы тартысы”, Ш.Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындары” мен “Сертке серті”) жазған т.б. музыкалық шығармалары мол.

Қысқаша шығармашылық өмірбаяны

(10.5. 1926, қазіргАтырау облысы Қызылқоға ауданы - 12.2.1986, Алматы) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматы музыкалық училищесін (1952), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1959). 1944 - 45 ж. Қостанай, 1945 - 49 ж. Ақтөбе облысы филармониясының, 1960 - 61 ж. "Қазақконцерттін" көркемдік жетекшісі, 1961 - 62 ж. Қазақ филармониясының музыкалық редакторы, 1962 - 65 ж. Алматы консерваториясының фольклорлық қабинетінде ғылыми қызмет атқарды. 1965 - 67 ж. оқу бөлімінің меңгерушісі (проф., 1986) болды. 1968 - 75 ж. Алматы музыкалық училищесінің директоры.Сондай-ақ ол көптеген эстрадалық, камералық, аспаптық шығармалардың, романстардың, күйлердің авторы. Драмалық спектакльдерге жазған музыкалық дүниелері (Ш.Құсайыновтың "Алғашқы ұшқындары" мен "Сертке серті", т.б.) де бар. Қазақ академиясының халық аспаптары оркестрінің құрамымен Румынияда (1951), ҚХР-да (1957) гастрольде болды.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}