Мұсылман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:10, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:World Muslim Population Pew Forum.png
Әлемдегі мұсылман уммасының пайызы

Үлгі:Ислам

Мұсылмандар (Үлгі:Lang-ar [мусли́м] – «мойынсұнушы», «көнуші») — Ислам дінін қабылдаған, Аллаһқа мойынсұнған адам. Мұсылман болу - ынта-ықыласымен Аллаһқа берілу, Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың айтқандарына толық илану, шариғат үкімдеріне мойынсыну және Исламды дін ретінде толық қабылдау деген мағына береді. Шынайы мұсылман иман шарттарына шек келтірмеу Ислам қағидаларын орындауы қажет («Бақара», 112, 131, 133-аяттар; «Әли Ғымран», 20, 83-аяттар; «Ниса», 125-аят; «Мәида», 44-аят; (Әнғам», 14- аят, т.б.) Мұсылман адамды кейде «му'мин» (мүмін, момын) деп те атайды.

«Муслим» - Исламды мойындаушы деген мағына берсе, «мумин» - иман келтіруші деген ұғымды білдіреді. Құран Кәрімде айтылғандай («Юныс», 84-аят; «Нәміл», 81 -аят, т.б.) иман мен Ислам ұғымдары бірін-бірі толықтырады, яғни Мұсылман мен мумин сөздері өзара мағыналас. Әйтсе де иман - иман негіздерге жүрекпен иланып, іштей сену болса, Ислам - сол сенімді жария ету және Жаратқанның әмірлеріне толық мойынсұнып, амал ету болып табылады. Құран Кәрімде муслим сөзі бірнеше рет кездеседі. Сонымен қатар мумин жайлы айтылатын аяттар және «Муминун» атты арнайы сүре бар. «Муминдер» деген мағына беретін «Муминун» сүресінде муминдердің намаздарын терең тебіреніспен беріле оқып, тиым салынған нәрселерден бойларын аулақ ұстайтыны, зекет беріп, аманатқа адалдықтанытатыны және сөздеріне берік екендіктері айтылады. («Муминун», 1 - 9-аяттар) «Інсан» сүресінде муминдердің Аллаһ ризалығын басты нысана етіп алатыны сөз болады («Инсан», 8 - 9-аяттар). Сондай-ақ, «Рағыд» сүресінде мумин «Аллаһ Тағаланың әмірлеріне толық мойынсұнып, есеп беретін ұлы күнді ойлаушы, сөзіне берік, ант пен аманатқа адалдық танытушы және Аллаһ ризалығы үшін сабыр сақтап, намазын уақытында оқушы» ретінде сипатталады. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) хадистерінде Мұсылман - Аллаһ және оның Елшісін жанынан жақсы көріп, иман еткеннен кейін күпірлік жасаулан тиылып, ғибадатын Аллаһ ризалығы үшін ықыласпен орындайтын адам. Ол тілімен де, қолымен де өзге мұсылмандарға зиян келтірмейді, қиынат жасамайды, Өйткені - мұсылман - мұсылманның бауыры. Көркем мінезді, иманжүзді мұсылманның негізгі сипаты - жомарттықпен жетім-жесірлерге жәрдем береді, Аллаһтың берген нәсібін Жаратқанның жолында жұмсайды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub