Мұнайшы (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:33, 2016 ж. тамыздың 9 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына «Мұнайшы»Мақат аудандық газеті. Алғашқы саны 1937 жылдың қыркүйек айында «Жұмыскер» деген атпен шыға бастады. Одан кейін «Социалистік Ембі», 1966 ж. біраз үзілістен соң «Мұнайшы» деген атпен, оқырмандарымен қайта табысты. 1988 ж. газет шығуын тоқтатты. Аудан соңғы рет 1989 жылдың қаңтарында қалпына келтірілді. «Мұнайшы» газеті 1991 жылдың 1 қаңтарында қайтадан жарық керді. Газеттің басты тақырыбы мұнай- газ өндіру мәселесіне арналған. Газет нарықтық экономикаға көшу мәселелерін кеңінен жазады.

Газеттің тұңғыш редакторы Қ.Берікқұлақов болды. Әр кезде шығармашылық ұжым жетекшілері болып М. Сатқанов, К. Ізтілеуов, Т. Текеев, А. Елеусінов, К. Сұлтанғалиев істеді. Аудандық әкімшілік пен аудандық мәслихат кұрылтайшылығын тоқтатқаннан кейін (1997) редакция «Бәйтерек» атты мемлекеттік емес шағын кәсіпорын құрып (жетекшісі әрі газет редакторы К.Елеместегі), газетке құрылтайшы болды. Кәсіпорын басқа да полиграфия өнімдерін шығарады. Аптасына 2 рет шығады. Таралымы 1300 дана (2000 ж.).<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер