Мүдде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіліктер негізінде пайда болады. Мүддені жіктеу барысында оның бірнеше салалары анықталады: қауымдық деңгейде – жеке дара, топтық, қоғамдық, жалпы адамзаттық; бағыттық аясы бойынша – экономикалық, саяси, діни, рухани; субъектінің сипатына байланысты – ұлттық, мемлекеттік, партиялық, кәсіби. қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші.Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті үзартуға мүдделі. Осыған орай, адамдар арасында өзара Мүдделі катынастар, бәсекелестіктер, кайшылықтар туындайды. Адамдардың, әртұрлі әлеуметтік топтардың рухани мүддесі негізінен, ақиқат заңын иойындап, сол жолмен жүруте тырысуынан басталады. Рухани тазалыкка ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршідіктің қайнар көзіне айналдыру - түбінде адамның өз бойындағы калыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуше әкеле-осындай негіздерде қалыптаскан адамдық Мүдде ғана - нағыз дамуға себепкер болатын түсініқтер мен іс-қимылдар жүиесі болып табылады Мүдденің қалыптасуы әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топта өзіндік басымдықтарға негізделеді, яғни кейде сезімдік ұшқырлық негізгі рөл атқарса, кейде зерделік байсалдылықтың басымдылығы байқалады. Мүдде әлеуметтік субъектінің ішкі жан дүниесінен, дүниетанымынан, құндылық бағдарынан хабардар етеді және рухани дамумен, адамгершілік ұстанымдармен астаса отырып, өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді. Әрбір жеке адамның Мүддесі, алдымен, оның қандай құндылықтарды бағалайтынына байланысты қалыптасады. Ол өз кезегінде қоғамдағы, тарихи кезеңдегі басымдылық танытатын сұраныстармен, қажеттіліктермен, құндылықтар жүйесімен байланысып жатады. Сондықтан жеке, топтық және қоғамдық мүдде бір-бірімен әлеуметтік деңгейде тығыз байланыста болғандықтан, осы қатынастар үнемі жеке тұлғалардың дара Мүдделеріне түзетулер енгізіп отырады. Мүдде деңгейіндегі қайшылықтар заңды құбылыстар болып, әлеуметтік деңгейдегі әр түрлі қайшылықтарды туғызады және адамдар мен әлеуметтік топтар арасында шешімін табуға тиіс күрделі мәселелер бар екенін көрсетеді. Әрбір адамның дүниедегі қайталанбас даралығы, негізінен, оның дүниетанымы, өмірлік түсінігіндегі ерекшеліктер түрінде байқалып, әрқилы Мүдделер сипатында бейнеленеді. Мүдде деңгейінде көрініс берген жеке адамның қалауы мен тілектері біртұтас құбылыс болып келетін материалдық және рухани заңдылықтар ауқымында болады. Бұл адамзат дүниесі тарихының және болашағының рухани біртұтастығын білдіреді. Сондықтан әрбір қоғамның тұтастығы мен ішкі бірлігінің сақталуы, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында түсіністіктің ұлғая түсуі мен әлеуметтік саланың жете дамуы үшін мүдде деңгейіндегі үйлестік пен үндестік терең болуы шарт, онсыз әр түрлі тартыстар көбейеді. Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті ұзартуға мүдделі. Осыған орай адамдар арасында өзара мүдделі қатынастар, бәсекелестіктер, қайшылықтар туындайды. Адамдардың, әр түрлі әлеум. топтардың рухани мүддесі, негізінен, ақиқат заңын мойындап, сол жолмен жүруге тырысуынан басталады. Рухани тазалыққа ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршіліктің қайнар көзіне айналдыру түбінде адамды өз бойында қалыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуіне әкеледі. Осындай негіздерде қалыптасқан адами мүдде ғана нағыз дамуға себепкер болатын түсініктер мен іс-қимылдар жүйесі болып табылады. Қазақ даласының ойшылдары – Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкерім өз еңбектерінде осы рухани мүдденің құндылығы туралы айтып, нәпсіні тұсап қана адамдық жолына түсуге болатынын көрсетті. Мұндай мүддені қалыптастыруда оқу мен білімнің, қанағат пен тәубенің, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылудың рөлі зор екені ескертілді. Аса маңызды қоғамдық мүдделердің бірі – ұлттық мүдде. Ол кең мағынасында – елдің жалпы ұлттық, мемекеттік. мүддесі, кез келген мемлекет халқының мұң-мұқтажына сәйкес келетін қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қажеттіктердің жүйелі түрдегі көрінісі. Ұлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей астасып жатады. Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеуметтік тұтастықты бұзбауына негіз болады. Ұлттық мүдденің тар мағынасындағы сипаты – этностық субъектінің мүддесі. Бұл деңгейдегі ұлттық М. әр түрлі халықтың ғасырлар бойы қордаланған этн. келбетін, ұлттық мәдениетін сақтап дамытумен байланысты. Әрбір ұлттың өзіндік “мені” осы ұлттық М-ні жария ету арқылы білінеді. Егер ұлттық мүдде басқа халықтардың есебінен емес, негізінен, этностың ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы айқындалса, ол жеке адамға да, ұлттық мәдениетке де, жалпы адамзаттық өркениетке де тиімді қызмет етеді. Кейде ұлттық мүдде діни-конфессиялық мүддемен астасып кетеді. Мұндай жағдайда әлеуметтік шындықта тек мәдени саладағы күрделі бірегейлену ғана жүрмейді, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында да біршама ерекшелігі бар мәселелер туындайды. Шынайы діни мүдденің мазмұны мемлекеттік саясаттан, қоғамдағы саяси процестерден алшақтау болып келеді әрі ұлтты іштей біріктіруге қызмет етеді. Әлеуметтік-саяси мүдде қоғамдағы әлеуметтік топтардың әр түрлі қажеттіліктерінен туындайтын құбылыстар болып табылады. Әлеуметтік.-саяси мүдденің ортақтығы әр түрлі саяси топтарды жақындастыра түседі, олардың қоғамдағы рөлі мен мәртебесіне сәйкес әр қилы бағыттағы саяси бағдарларды, құндылықтық басымдылықтарды ұстануы саяси субъектілер арасында біршама жіктер туғызады. Мүдденің жіктелуін мақсат етуді абсолюттендіру саяси күштердің бір-бірінен алшақтауына әкеліп соғады. Мұндай әрекеттер адамдар арасында әлеум. қайшылықтарды тудырады. Саяси субъектілер арасындағы мүдденің саяси тартыстық сипат алуы – саяси қажеттілік болғанымен, пәрменді әлеуметтік даму үшін аса тиімді емес. Себебі бұл тартыстың, бәсекелестіктің түпкі негізі қоғамның іргесін шайқалтып, әлеуметтік іріткі туғызуы мүмкін. Сондықтан саяси күштер мүдделерінің жақындасуы әлеуметтік субъектілердің бірлігіне әкеліп, ол өз кезегінде көптеген қайшылықтарды оңтайлы шешуге негіз болады. Нағыз ұлттық мүдденің қалыптасуы қоғамдағы ұлттық идеяның мазмұнымен, құрылымымен байланысты.Мүдденің қалыптасуы әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топта өзіндік басымдықтарға негізделеді, яғни кейде сезімдік ұшқырлық негізгі рөл атқарса, кейде зерделік байсалдылықтың басымдылығы байқалады. Мүдде әлеуметтік субъектінің ішкі жан дүниесінен, дүниетанымынан, құндылық бағдарынан хабардар етеді және рухани дамумен, адамгершілік ұстанымдармен астаса отырып, өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді. Әрбір жеке адамның мүддесі, алдымен, оның қандай құндылықтарды бағалайтынына байланысты қалыптасады. Ол өз кезегінде қоғамдағы, тарихи кезеңдегі басымдылық танытатын сұраныстармен, қажеттіліктермен, құндылықтар жүйесімен байланысып жатады. Сондықтан жеке, топтық және қоғамдық мүдде бір-бірімен әлеуметтік деңгейде тығыз байланыста болғандықтан, осы қатынастар үнемі жеке тұлғалардың дара мүдделеріне түзетулер енгізіп отырады. Мүдде деңгейіндегі қайшылықтар заңды құбылыстар болып, әлеуметтік деңгейдегі әр түрлі қайшылықтарды туғызады және адамдар мен әлеуметтік топтар арасында шешімін табуға тиіс күрделі мәселелер бар екенін көрсетеді. Әрбір адамның дүниедегі қайталанбас даралығы, негізінен, оның дүниетанымы, өмірлік түсінігіндегі ерекшеліктер түрінде байқалып, әрқилы мүдделер сипатында бейнеленеді. Мүдде деңгейінде көрініс берген жеке адамның қалауы мен тілектері біртұтас құбылыс болып келетін материалдық және рухани заңдылықтар ауқымында болады. Бұл адамзат дүниесі тарихының және болашағының рухани біртұтастығын білдіреді. Сондықтан әрбір қоғамның тұтастығы мен ішкі бірлігінің сақталуы, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында түсіністіктің ұлғая түсуі мен әлеуметтік саланың жете дамуы үшін мүдде деңгейіндегі үйлестік пен үндестік терең болуы шарт, онсыз әр түрлі тартыстар көбейеді. Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті ұзартуға мүдделі. Осыған орай адамдар арасында өзара мүдделі қатынастар, бәсекелестіктер, қайшылықтар туындайды. Адамдардың, әр түрлі әлеум. топтардың рухани мүддесі, негізінен, ақиқат заңын мойындап, сол жолмен жүруге тырысуынан басталады. Рухани тазалыққа ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршіліктің қайнар көзіне айналдыру түбінде адамды өз бойында қалыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуіне әкеледі. Осындай негіздерде қалыптасқан адамимүдде ғана нағыз дамуға себепкер болатын түсініктер мен іс-қимылдар жүйесі болып табылады. Қазақ даласының ойшылдары – Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкерім өз еңбектерінде осы рухани мүдденің құндылығы туралы айтып, нәпсіні тұсап қана адамдық жолына түсуге болатынын көрсетті. Мұндай мүддені қалыптастыруда оқу мен білімнің, қанағат пен тәубенің, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылудың рөлі зор екені ескертілді. Аса маңызды қоғамдық мүдделердің бірі – ұлттық мүдде. Ол кең мағынасында – елдің жалпы ұлттық, мемлекеттік мүддесі, кез келген мемлекет халқының мұң-мұқтажына сәйкес келетін қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қажеттіктердің жүйелі түрдегі көрінісі. өлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей астасып жатады. Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеум. тұтастықты бұзбауына негіз болады. Ұлттық мүдденің тар мағынасындағы сипаты – этностық субъектінің мүддесі. Бұл деңгейдегі ұлттық мүдде әр түрлі халықтың ғасырлар бойы қордаланған этностық келбетін, ұлттық мәдениетін сақтап дамытумен байланысты. Әрбір ұлттың өзіндік “мені” осы ұлттық мүддені жария ету арқылы білінеді. Егер ұлттық мүдде басқа халықтардың есебінен емес, негізінен, этностың ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы айқындалса, ол жеке адамға да, ұлттық мәдениетке де, жалпы адамзаттық өркениетке де тиімді қызмет етеді. Кейде ұлттық М. діни-конфессиялық М-мен астасып кетеді. Мұндай жағдайда әлеум. шындықта тек мәдени саладағы күрделі бірегейлену ғана жүрмейді, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында да біршама ерекшелігі бар мәселелер туындайды. Шынайы діни мүдденің мазмұны мемлекеттік саясаттан, қоғамдағы саяси процестерден алшақтау болып келеді әрі ұлтты іштей біріктіруге қызмет етеді. Әлеуметтік-саяси мүдде қоғамдағы әлеуметтік топтардың әр түрлі қажеттіліктерінен туындайтын құбылыстар болып табылады. Әлеуметтік-саяси мүдденің ортақтығы әр түрлі саяси топтарды жақындастыра түседі, олардың қоғамдағы рөлі мен мәртебесіне сәйкес әр қилы бағыттағы саяси бағдарларды, құндылықтық басымдылықтарды ұстануы саяси субъектілер арасында біршама жіктер туғызады. Мүдденің жіктелуін мақсат етуді абсолюттендіру саяси күштердің бір-бірінен алшақтауына әкеліп соғады. Мұндай әрекеттер адамдар арасында әлеуметтік қайшылықтарды тудырады. Саяси субъектілер арасындағы мүдденің саяси тартыстық сипат алуы – саяси қажеттілік болғанымен, пәрменді әлеуметтік даму үшін аса тиімді емес. Себебі бұл тартыстың, бәсекелестіктің түпкі негізі қоғамның іргесін шайқалтып, әлеуметтік іріткі туғызуы мүмкін. Сондықтан саяси күштер мүдделерінің жақындасуы әлеуметтік субъектілердің бірлігіне әкеліп, ол өз кезегінде көптеген қайшылықтарды оңтайлы шешуге негіз болады. Нағыз ұлттық мүдденің қалыптасуы қоғамдағы ұлттық идеяның мазмұнымен, құрылымымен байланысты.<ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>

Жалпы адамзаттық мүдделер мен құндылықтар

Жалпы адамзаттық мүдделер мен құндылықтар - қоғамдық даму қажеттіліктеріне, адамзат атаулының мүдделеріне сәйкес келетін мүдделер мен кұндылықтар. Олар тап үстілік, ұлттық, аймақтық және басқа да жеке мүдделер басымдығына ие. Біздің кезімізде негізгі буын болып адамзаттың тіршілік етуіне қауіп төндіретін қарама-қайшылықтарды шешу табылады. Жаңа тарихи артықшылықтарды сезіну казіргі дәуірдің негізгі объективті императив болып отыр.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}