Музыка орындаушылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:48, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Музыка орындаушылық<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – музыканы әнші даусымен айту немесе музыкалық аспаппен орындау. Музыка өнерінің басқа өнер түрлерінен (мысалы, бейнелеу өнерінен) ерекшелігі – қосымша шығармашылық процесті, яғни автор мен тыңдаушының аралығында орындаушыны керек етеді. Нотаға түскен музыкалық шығарманы әнші немесе музыкашы нақышына келтіріп орындаса ғана тыңдаушыға жетеді. Сондықтан да музыканы насихаттауда музыка орындаушылықтың маңызы зор. Музыка орындаушылық вокалдық (ән), аспаптық (музыка аспаптарында ойнау) және аралас орындаушылық яғни вокалды-аспаптық түрлерге бөлінеді. Музыка орындаушылықтың ерекше түрі – опера өнері. Опера әнші-артистерді, хор мен оркестрді түгел қамтиды. Орындаушылардың санына, олардың арақатынасына байланысты жеке орындаушы (сололық), көпшілік болып орындау немесе камералық ансамбльдік (трио, квартет, квинтет, т.б.), симфониялық, хор (дирижердің басқаруындағы үлкен топ) түрлеріне бөлінеді. Музыкалық шығарманың құрылысын, ерекшелігін көрсететін нотадағы автор нұсқаулары орындаушының музыка мазмұнын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Музыкалық шығарманың мазмұны орындаушының стиліне байланысты алуан түрде бейнеленеді. Музыка орындаушылық өнердің көркем тәсілдеріне динамика, артикуляция, нюанс, т.б. жатады.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Музыкальное исполнительство и современность. Сб. статей. Сост. М.И. Смирнов, М., 1988
  • Теория и история музыкального исполнительства. Сб. науч. трудов, К., 1989

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Музыка орындаушылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}