Музыкалық құрылым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:48, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Музыкалық құрылы<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – 1) дыбыс жүйесіндегі белгілі бір өлшемдік қалыпқа түсірілген дыбыстардың ара қатысы. Еуропада ежелгі пифагорлық құрылым квинталарды жүйелі түрде құру арқылы жасалды. 16 ғасырдың басында Еуропада біркелкі емес темперациалық құрылым пайда болып, ол 18 ғ-да барлық жерде қолданылды; 2) Камертонды (жоғарылық эталоны) күйге келтіру үшін және осыған сай әнші даусының немесе музыкалық аспаптың нақтылы жоғарылық үнін анықтаудағы қабылданған дыбыстардың тербеліс жиілігі. Әдетте әр дыбыстың биіктігі (жоғарылығы) 1-октаваның «ля» дыбысы арқылы анықталады; 3) Кең ұғымда – музыкалық құрылым музыкалық аспаптарға қолданғанда дыбыс қатары деген ұғымды білдіреді. Мысалы, валторнаның натуралдық құрылымы (яғни валторнаның дыбыс қатары), баянның хроматикалық құрылымы (яғни баянның хроматикалық дыбыс қатары), т.б. Тар ұғымда – музыкалық құрылым ішекті музыка аспаптар ішегіндегі дыбыстардың өзара интервалын, яғни құлақ күйі дегенді білдіреді. Мысалы, скрипканың, виолончельдің, мандолинаның, домбыраның құлақ күйі квинта, ал контрабастікі кварта бұрауына келтіріледі.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Музыкальная акустика, М., 1954; Шерман Н.С., Формирование равномерно-темперированного строя, М., 1964

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Музыкалық құрылым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}