Михаил Федорович Аранышев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Михаил Федорович Аранышев (12 қараша 1912, Ресей, Нижний Новгород облысы Вача ауданы Клин селосы — 18 қараша 1989, Алматы) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңген артисі (1959).
Өмірбаяны
- 1937 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік кинематография институтын (Б.И. Волчектің шеберханасында) бітірген.
- “Ленфильм” жұмыс істеген.
- кейін Орталық біріккен көркем фильмдер киностудиясында (1942-43, Алматы) жұмыс істеген.
- 1946 жылдан Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер киностудиясында (“Қазақфильм”) қызмет еткен.
Түсііруге қатысқан фильмдері
Әр алуан деректі, хроникалық фильмдермен қатар киноочерктер және көркем фильмдерді:
- “Махаббат дастаны”, 1953;
- “Дала қызы”, 1954;
- “Өжет қыз”, 1955;
- “Тасқын”
- “Даладағы қайыңдар”, 1956;
- “Менің атым Қожа”, 1964;
- “Жаңғырық” (1966 — 67)
- “Мың шақырымдық жол”, 1968;
- “Құлагер”, 1972;
- “Балалық шаққа саяхат”, 1970;
- “Көзілдірікті қоян”, 1981, мультфильм;
- “Бандыны қуған Хамит”, 1981 т.б. түсіруге қатысты.
Марапаттары
- 1952 жылы “Советтік Қазақстан” аталатын деректі фильмі үшін Сталиндік сыйлыққа ие болған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1959).
- 2 рет "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>
Дереккөздер
<references/>