Михаил Данилович Балыкин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балыкин Михаил Данилович (1924-2001), ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесіі (1960). 1941-45 ж.Ұлы Отан соғысына катысқан. Семей облыстық радиосының, облыстық «Прииртышская правда» газетінің, «Советский Казахстан» (казір «Простор») журналының редакцияларында қызмет атқарды. 1957-1966 ж. «Қайнар» баспасының редакторы, 1966-1981 ж. «Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерушісі, 1981-82 жылдары Қазақстан Жазушылар одағьшьщ әдеби консультанты. 1983 жылдан шығармашылық жұмыста. Балыкиннің «Мысалдар», «Басни» атты алғашқы кітабы 1951 жылы шықты. Одан кейінгі жылдары «Утро надежд» (1971), «Свидание в Боровом» (1976), «Мой белый свет» (1984) кітаптары жарык көрді. Қаламгер шығармашылығында өнеркәсіпті өлке тақырыбы үлкен орын алады, ол Қазақстан Магниткасының алғашқы құрылысшылары туралы «Начало пути» поэмасын (1960), Карағанды шахтерлері жөніңде «Марианна» атты (1981) өлеңмен жазылған повесть шығарды. Балыкин аудармамен де шұғылданады. 1964 жылы Қазақтың Абай атыңдағы мемлекеттік академиялық oпера жөне балет театрының сахнасында қойылған Е. Брусиловскийдін «Наследники» операсына либретто жазған. 2- ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақ данышпандары кітабы , АЛМАТЫКІТАП 2009ж.

2. ↑http://www.shuak.kz/