Меңлібай Мырзахметов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Меңлібай Мырзахметов (1941 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Бағара ауылы) – ғалым, техникалық ғылымдар доктары(1989), профессор(1990).
Өмірбаяны
Меңлібай Мырзахметов қазақ химия-технология институтын (1964), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын (1971) бітірген. «Қазсантехмонтаж» құрылысмонтаж басқармасында дәнекерлеуші-монтажшы (1959–60), «Кентауспецстрой» құрылыс басқармасында шебер (1960–64), Қазақ химия-технология институтында ассистент (1966–67), Қазақ политехникалық институтында (1971–79, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясында (қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы) кафедра меңгерушісі, декан, профессор 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Толығырақ
- Қазақ химия-технология институтын бітірген (1964).
- 1959 – 60 жылдары “Қазсантехмонтаж” құрылыс-монтаж басқармасында слесарь-монтажшы.
- 1960 – 64 жылдары “Кентауспецстрой” құрылыс басқармасында шебер.
- 1966 – 67 жылдары Қазақ химия-технология институты/Қазақ химия-технология институтында ассистент.
- 1967 – 71 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) инженерия-құрылыс ин-тында аспирант.
- 1971 – 79 жылдары Қазақ политехникалық институтында (ҚазҰТУ) доцент, кафедра меңгерушісі. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясында кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарған. 168 ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы.
Шығармалары:
- Бессточная технология обогащения фосфатного сырья, М., 1984 (в соавт.);
- Оборотное водоснабжение обогатительных фабрик, А., 1994;
- Ластанған суды ағызу және тазалау, А., 1996.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Сілтемелер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Меңлібай Мырзахметов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}