Медина Искандерқызы Богданова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:52, 2017 ж. наурыздың 16 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Богданова Медина Искандерқызы (1908-1962), орыс әдебиет зерттеушісі. Орта Азия халықтары мен қазақ әдебиеттерінің маманы. Түркі хапықтарының жазбасын латын апфавитінен орыс алфавитіне кешіруге қатысқан. Түркі тілдес халықтардың эпосы, фольклоры жөнінде бірнеше мақала жазды. Мәскеу мемлекеттік университетінде КСРО халықтары әдебиеті кафедрасын басқарды. Сол кафедраға 1953-54 ж. Әуезов шақырылып, профессор ретінде КСРО халықтары әдебиетінен лекция оқыды. Лекция дайындауда, бағдарлама, оқулық жасауда материал жинап, басын қосып, бастырушы Богданов болды. Ұлттық ғылыми кадрларды осы университетте әзірлеуде үлкен еңбек сіңірді. Әуезовтің «КСРО мәдениет министріне» жазған хатында (жазушы мұрағаты, 192-папка) профессорлардың, ғалымдардың «осы кафедраны және КСРО халықтары әдебиеті белігін жаппай, қайта жоғары білімді студенттер, аспиранттар дайындауда ете керек, программалары, оқу жоспары бар екені, оқу құралдары, зерттеу еңбектері жазылып жатқаны» айтылады. Жазбаның бір шетіне жазушы қызыл қарындашпен сызып, «Богдановаға» деп белгі қойған. Сергей Даронянның естелігінде қазақ жазушысының Богдановамен бірге атқарған қомақты жұмысына баға берген. Жазушының мұрағатында оған Богданованың жазған 10-нан аса хаты бар. 1956 ж. 10 ақпанда жазған бір хатында КСРО халықтарының әдебиеттері туралы оқулыққа енетін «Қазақ әдебиеті» тарауын тездетіп жазып беруін етінген («М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылык, шежіресі», 1997, 533-бет). 1949 ж. 26 қаңтардағы хатында көңілдегі қобалжуын, Мәскеу жаққа бір үміт артатынын білдірген («Әуезов және архив», 1997, 43-бет). Ал КСРО халықтары әдебиетінің біріккен тарихын жасау қажеттігін Әуезов «Біздің ортақ ісіміз» деген мақаласында кейінірек айтқан (1954).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Медина Искандерқызы Богданова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}