Мақсұт Ермырзаұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мақсұт Ермырзаұлы (1923, Сарыағаш ауданы Сүткент ауылы – 2005) – ғалым-зоотехник. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1971). Еңбек жолын 1941 ж. Сарыағаш ауданы Дарбаза кеңшарының Қарақалпақ бөлімшесінде қатардағы шопан болып бастаған. Сырдария кеңшарында мал дәрігері, ферма бастығы, бас зоотехник, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. «Сырдария», «Әлімтау», «Бірлік» кеңшарларында қой өсіріп, астық өндіріп, мал азығын дайындауда, тыңайған жерлерді игеруде өнегелі де өрелі еңбек етті. Ол тәжірибелі мал маманы. Ташкенттегі зооветтехникумын, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын өндірістен қол үзбей жүріп бітірді. Бұдан 40 – 50 жылдай бұрын Қарақалпақстаннан, Өзбекстанның «Нишан», «Кенимих» кеңшарларынан, Түрікменстаннан алып келген қойлары, көк қошқарлары және іргелес жатқан Задария, Қожатоғай, Қызылқұм кеңшарынан алдырған қара қошқарлар тұқымының аудан мал шаруашылығын дамытуға көп пайдасы тиді. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мақсұт Ермырзаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}