Мағрипа Мырзағұлқызы Қазбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мағрипа Мырзағұлқызы Қазбекова (1903-1982), дәрігер. қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Қазақ қыздарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып 1930 жылы Орта Азия универтінін медицина факультетін бітірді. Жұбайы Қазбеков Смағұл Ташкентте ғылыми зерттеулермен шұғылданып, сталиндік қуғынға ұшырайды. Мағрипа Мырзағұлқызы Қазбекова халық жауының әйелі ретінде тұтқындалып, «Алжир» лагеріне қамалады. Сонда жүргенде жәбір керген тағдырластарына қызмет етеді. 1943-47 жылы лагерь лазаретінің, Бадкаш лагері лазаретінің бастығы болады, 1947 жылы тұтқынның тозағынан босап, өмірінің ақырғы күндеріне дейін Балкаш қала ауруханасы жұкпалы ауру бөлімінің меңгерушісі, кейін консультант дәрігер қызметін атқарады. 1955 жылы өзі, 1957 жылы жұбайы ақталады. Еңбек Кызыл Ту орденімен марапатталған. Балқаш қаласында Мағрипа Мырзағұлқызы Қазбекова есімімен көше аталады. Жезқазған қаласында ерлі-зайыпты Қазбековтер көшесі бар.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}