Марат Қомпайұлы Тақабаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Марат Қомпайұлы Тақабаев (1934 жыл, Ақмола облысы, Зеренді ауданы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1996).
Еңбек жолы
- 1959 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) және 1963 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген;
- 1963-64 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) ассистент;
- 1964-1997 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Қолданбалы математика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер;
- 1997 жылдан бастап бас ғылыми қызметкер болды.
Еңбектері
«Численное моделирование селевого потока» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>
Дереккөздер
<references/>