Марат Сәбитұлы Мұқанов (баспагер)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:58, 2017 ж. наурыздың 22 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұқанов Марат Сәбитұлы — "Таймас" Баспа үйінің" Бас директоры. 1976 жылы 14 мамырда Ресей Федерациясының Челябі облысында дүниеге келген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1993 жылы Қостанай облысы, Жітіқара қаласындағы №7 мектеп-гимназияны аяқтаған. Осы жылы Түрік Республикасына оқуға түсті. 1999 жылы Конья қаласындағы (Түркия) Сельджук университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетін аяқтаған. 2001 жылы осы университетте Іскер әкімшілік магистрі дәрежесін алған. 2001 жылдан 2003 жылға дейін Алматы қаласындағы "Таймас Принтхаус" баспаханасында сату бөлімінің менеджері болып істеді. 2003 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы "Шалқар" баспаханасының бас директоры болды. 2004 жылдың маусымынан "Таймас" баспа үйінің" бас директоры.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}