Людмила Соломоновна Каневская
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:35, 2017 ж. наурыздың 10 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Людмила Соломоновна Каневская (17 тамыз 1917, Украина, Запорожье – 19 маусым, 1977, Алматы) – медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1965), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).
Өмірбаяны
- 2-дүниежүзілік соғысқа (1941–42) қатысқан <ref>Участники Великой Отечественной войны </ref>.
- Днепропетровск медицина институтын (1938) бітірген.
- Алматы қаласындағы №1 емханада дәрігер
- Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ассистент, доцент (1944–64)
- Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор (1964–1976) <ref>Кафедра терапии, нефрологии и гастроэнтерологии с курсом геронтологии</ref>
- Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1964–77) болып қызмет атқарды.
Ғылыми еңбектері
- 1969 жылы «Нервно-психический аспект в этнологии патогенеза клинике и терапии инфаркта миокарда» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған <ref>РОЛЬ МЕСТНЫХ И ПРИБЫВШИХ УЧЕНЫХ-МЕДИКОВ В ОКАЗАНИИ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ</ref>.
- Оның ғылыми еңбектері негізінен кардиология мәселелеріне арналған. <ref>Каневская Л. С., Лобанов С. Д. О панкреатитах при инфаркте миокарда// Здравоохранение Казахстана. – 1968. – №. 2. – С. 20-24.</ref>
Марапаттары
- 2 рет «Құрмет Белгісі» ордені.
- медальдар.
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}