Любовь Августовна Ни

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:42, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Любовь Августовна Ни - 1952 жылы 26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында туған. Корей.

Әкесі - Ни Август Петрович, марқұм. Анасы - Ни Ольга Николаевна, марқұм.

Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-филология факультетін (1975) филолог-педагог мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының педагогика және психология факультетін (1988) педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген. «Коре Ильбо», «Казахстанская правда» газеттеріндегі 12 мақаланың авторы. Орыс, корей (түрмыстық) және қазақ (бастауыш деңгей) тілдерін біледі. 1976 жылдың наурыз айынан - Алматы облысы Балқаш ауданындағы балабақшаның әдістемешісі. 1985 жылдан - Алматы облысы Балқаш ауданының Жамбыл атындағы ОМ тарих мұғалімі. 1991 жылдан - «Тан-Балқаш» акционерлік компаниясының әкімгер-инженері (Алматы). 1995 жылдан - «Бірлік» АТАҚ президентінің көмекшісі (Алматы). 1997 жылдан - Мемлекеттік республикалық музыкалық комедия ко- рей театры директорының орынбасары. 1999 жылдан бері - Мемлекеттік республикалық музыкалық комедия корей театрының директоры. Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі. «Қазақстан Халқы ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» ҚҚ бас директоры. Қазақстан Корей қауымдастығының төралқа мүшесі. «Қазақстан ¥лттарының театры» ЖШС бас директоры. «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)медальдарымен; Қазақстан Халықтары ассамблеясының құрмет грамотасымен (2009) марапатталған. ҚР Президентінің алғысымен ескерілген (2002). Мәдениет қайраткері (2002). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Білім беру және мәдениет салалары жоғары деңгейде дамыған егемен тәуелсіз мемлекет». Хоббиі - музыка, өлеңдер, эзотерика. Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов, И.С. Куприн, Дж. Лондон, С. Есенин, Анна Ахматова. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Шин Г.Х., зейнеткер. ¥лы - Шин Сергей; қыздары - Шин Виктория, Шин Евгения.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub