Көшпенділердің қолөнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kumist.JPG
Күміс тостағандағы жазу (Есік)

Көшпенділердің қолөнері — алдыңғы орта ғасырлардағы қалалардың сауда-қолөнер орталықтары ретінде дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығу үрдісіне және негізінен алғанда байлар мен ақсүйектерге кызмет ететін қолөнер өндірісінің едәуір кеңеюіне байланысты болды.

Біздің қолымызда алдыңғы орта ғасырлардағы қалада қолөнердің ұйымдастырылуы туралы деректер жеткіліксіз, ол негізінен алғанда бізге дейін жеткен дайын өнім бойынша ғана мәлім. Бұлар ең алдымен керамика, металдан, сүйек пен тастан жасалған бұйымдар. Тоқымашылық, теріден, жүннен, киізден бұйымдар жасау сияқты қолөнер туралы түсініктің жайы мардымсыз. Жазбаша деректемелерде ондай бұйымдар туралы айтылады, бірақ олар неғүрлым кейініректегі уақытқа қатысты. Мата тоқу жөнінде ұршықбастардың табылуына қарап айтуға болады. Тері өңдеу мен одан тұрмыста және өмірде қажетті бұйымдар жасау жөнінде де солай деуге болады.

Қыш-құмыра ісі

Отырардың солтүстік рабады аумағынан VIII — IX ғасырлардағы қыш күйдірген пештер табылды, пештің ұзындығы 2,7 м және ені 2,5 м алмұрт тәріздес жасалған. Пештер алдыңғы заманнын пештерінен неғұрлым жетілдірілген. Бұл пештердің күйдіру камерасы кеңейтілген, температураны реттеу жүйесі жақсартылған, мұның өзі дайындалатын өнімнің сапасын жақсартқаны күмәнсіз. Күйдіру пештерінің қалдықтары мен қалың күл төгілген жерлері бар құмырашылардың махаллалары Жетісу қалаларында бекіністі дуалдардың ішінен де, олардан тыс жерлерден де табылды. Пештердің біреуі Қызылөзен қаласының қираған жұртының орталығына жақын орналасқан. Оның оттығы жерден диаметрі 2,6—2,8 м, терендігі 2 метрден сол астам болатын дөңгелек шұнқыр түрінде қазылып жасалған. Пешті түп жаұынан оттықтың ортасына шикі кірпішпен салынған тіреу ұстап тұр. Тіреуді қалың ыс басқан. Күйдіру камерасына жалғасатын оттықтар мен ыстық жіберілетін санылаулар байқалды.

Жетісуда су таситын құмыралар — ыдыстың ең көп таралған түрлерінің бірі екенін атап өткен жөн. Пенджикентген бұл құмыралардың шүмекті және шүмексіз түрлерінің екеуіне де ұқсастары табылады. Луговое-А қонысынан табылған құмыраның мойнында қыр мұрыны мандайымен жалғасқан адамның бет бейнесі түрінде шығарылған жапсырмасы болды. Нақ сондай жапсырмалар Сырдарияның төменгі ағысындағы керамикадан да ұшырасты. Жетіасар мәдениетінің керамикасындағы басқа элементтер сияқты, олар да бұл ауданның Жетісумен тығыз байланысы болғанын сипаттайды.

Керамика

VI — IX ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстан қалаларының керамикасы хронологиялық екі: VI — VII ғасырдың бірінші жартысы және VII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырдың бірінші жартысы кешеңдеріне бөлінеді.

Ертеректегі кешен ас пісіретін ыдыстар — қазандар, көзелер, қақпактар, табалар, мосылар; азық-түліктерді сақтауға, оларды тасымалдауға арналған ыдыстар - кеспектер, кеспекшелер, көзелер, құмыралар, кіреңкелер және ас ішетін ыдыстар — құмыралар, тегенелер, сапты аяқтар болып бөлінеді. Шырағдандар, балалардың ойыншықтары керамика бұйымдарының жеке тобын құрайды.

Асхана керамикасында көзелер басым. Бұлар — бүйірі дөңгеленген, мойны аласа, ернеуі сыртқа қарай сәл шығыңқы аласа ыдыстар. Көзелердің жартылай дөңгелек немесе шығыңқы тісті түрінде жапсырылған тұзақ тәрізді тіктұтқалары болған. Қақпақтарының диаметрі әр түрлі -диаметрі 10—12см болатын шағындарынан бастап, диаметрі 25—30 см болатын ірілеріне дейін бар. Бу шығуға арналған саңылауы, ортасында немесе бүйірінде тұзақтәрізді тұтқасы бар қақпақтар да кездеседі. Қақпақтардың жиектері кейде кертіктермен, ойықтармен безендірілген. Керамика бүйымдарының бір тобы мүйізді өгіздің басы бейнеленген тұғыр болып табылады. Мұндай тұғырлардың беті терең ойықтар салу арқылы безендірілген.

Кен ісі, металлургия және металл өндеу

Жазбаша деректемелерде тұрғындары пайдалы қазбаларды өндіріп, өңдеген қалалар мен қоныстар тобы болғанын көрсетеді. Күміс пен мыс өндеу аймағы ретінде мәлім болған Талас аңғарынын қалалары жөнінде айтылады. Шу-Іле таулары мен Қаратауда полиметалдар өнделетін орындар болған.

Кен ісінің техникасы қол еңбегіне негізделген. Құралдары темір шот, қайла, тастан жасалған шойбалға, балға, ағаштан және темірден жасалған сыналар болған. Кен жер бетіне тері қаптармен, себеттермен шығарылған. Қазып алынған кен байыту сатысынан өткізілді, оны тастан жасалған шой- балғалармен немесе тас диірмендермен ұнтақтап, жуып, қолмен өндеді. Байытылған кен содан соң қолөнер орталықтарына жеткізіліп, сол жерде олар балқытылды. Ақтөбе қаласының жұртынан темір балқытатын пештер табылды, олар жерден қазылып, шикі кірпіштен қаланған. Пештер сопақша, көлемі 2,2x1,6 м етіп жоспарланған. Қорғасын мен күміс көрік-пештерде бірнеше қайтара балқытылған. Әуелі қара корғасын алынған, қайталап балқыту арқылы ол тазартылып, үшінші кезеңінде ғана күміс қорғасыннан айырылып алынған.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—321ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>