Көпсекбай Рәтқұлұлы Төлебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:13, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Көпсекбай Рәтқұлұлы Төлебаев - 1950 жылы 1 қыркүйекте Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қылышбай ауылында туған. Қазақ.Техника ғылымдарының кандидаты (1993), докторы (2010). Халықаралық сәулет академиясының профессоры (2006). Халықаралық инженерлік академияның (2006 жылдан), ҚР Ұлттық инженерлік академиясының (2008 жылдан) академигі.

Әкесі - Төлебаев Рәтқұл (1926-1984), қызметкер болған. Анасы - Төлебаева Күлсін (1920-1997), үй шаруасымен айналысқан.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетін бітірген (1973), мамандығы - «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс».

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жолдардың қорғау құрылыстары конструкцияларын есептеудің тeориялық негіздері және тау табиғи құбылыстарының қауіпін болжамды бағалау». «Автомобиль жолдарын көшкіндөрден, құлаулар мен үйінділерден қорғау» (1996), «Автомобиль жолдарын қар және құм көшкіндерінен қорғау» (1997), «Құрылыс механикасы мен құрылыс конструкцияларының негіздері» (1997), «Материалдар кедергісі бойынша есептер жинағы» (2000), «Тірек қабырғалардың және қорғаныш ғимараттарының конструкциясы. Оларды есептеу әдістері» (2005), «Ғимараттардың конструкциялары және төміржол көліктері ғимараттары» (2009), «Инженерлік геология және тау жолдарын табиғаттың қауіпті құбылыстарынан қорғау» (2010) кітаптарының, оқулықтарының және ғылыми жұмыстардың; 107 ғылыми мақаланың авторы. 29 авторлық куәлігі бар.

Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

1973 жылдан - «Алматыгипрогор» МЖО инженері, аға инженері, топ жетекшісі, шеберхана басшысының орынбасары, бас құрастырушысы, шеберхана басшысы. 1995 жылдан - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының аға ғылыми қызметкері, оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 2001 жылдан - «Алматыгипрогор-1» ААҚ бас инженері, атқарушы директорының міндетін орындаушы. 2004 жылдың мамырынан бері - «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС директоры.

Келесі нысандардың авторы: «Арасан» емдік моншалар кешені, Алматы қаласындағы 10500 орынға арналған әмбебап спорттық-көрермен залы, Орталық мешіт ғимараты (Алматы қ.), Алматы қаласы Египет Ислам орталығы, ҚР Парламент Сенатының ғимараты (Астана қ.), ҚР ¥ҚК мекемесі (Астана қ.), «Ритц-Палас» сауда-ойын-сауық орталығы (Апматы қ.) және т.б.

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). «Достастық жұлдызы» орденімен (Мәскеу қ., 2008), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің (1984), Алматы қаласы әкімінің (2007), ҚР ¥ҚК (2008) грамоталарымен, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2010). Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2006). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2008). Даңқты құрылысшы (2010).

Әскери атағы - запастағы аға лейтененат.

Сүйіп оқитын әдебиеті - кәсіби және тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Жұлмағамбетова Алтын (1950 ж. т.), зейнеткер. Қыздары - Анар (1975 ж. т.), Нұрия (1979 ж. т.); ұлы - Ғазиз (1981 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub