Кәкімжан Қазыбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кәкімжан Қазыбаев - (10 мамыр 1929, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылы – 21 қазан 1989, Алматы) – жазушы, мемлекет қайраткері.
Биография
ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген (1952).
- 1952 – 1958 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,
- 1958 – 1968 жылы Алматы облысы “Жетісу” газетінде редактордың орынбасары.
- 1968 – 1972, 1972 – 1974 жылы Қаз КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде төраға орынбасары,
- 1977 – 1982 жылы ҚазТАГ директоры,
- 1982 – 1985 жылы Қазақстан компартиясы ОК-тінде нұсқаушы, хатшы,
- 1985 жылдан “Қазақстан коммунисі” (қазіргі “Ақиқат”) журналының бас редакторы болды. Қазыбаев шығармаларының негізгі тақырыбы – ауыл тұрмысы, халықтар достығы мен соғыс жылдарындағы ел басына түскен қиындықтар.
Шығармалары
“Кернеген кек” (1966) повесі, “Ызғар” (1972, орыс тілінде – 1976), “Аманат” (1979, орыс тілінде – 1982) романдары, Таңдамалы шығармалары (2003) жарық көрген. С.М. Штеменконың “Бас штаб соғыс жылдарында” атты мемуарлық кітабын, Б.Момышұлының “Офицер күнделігін” қазақ тіліне аударған.<ref>З. Есмағамбетова</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}