Кәкімжан Қазыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:02, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Кәкімжан Қазыбаев - (10 мамыр 1929, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылы – 21 қазан 1989, Алматы) – жазушы, мемлекет қайраткері.

Биография

ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген (1952).

  • 1952 – 1958 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,
  • 1958 – 1968 жылы Алматы облысыЖетісу” газетінде редактордың орынбасары.
  • 1968 – 1972, 1972 – 1974 жылы Қаз КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде төраға орынбасары,
  • 1977 – 1982 жылы ҚазТАГ директоры,
  • 1982 – 1985 жылы Қазақстан компартиясы ОК-тінде нұсқаушы, хатшы,
  • 1985 жылдан “Қазақстан коммунисі” (қазіргі “Ақиқат”) журналының бас редакторы болды. Қазыбаев шығармаларының негізгі тақырыбы – ауыл тұрмысы, халықтар достығы мен соғыс жылдарындағы ел басына түскен қиындықтар.

Шығармалары

“Кернеген кек” (1966) повесі, “Ызғар” (1972, орыс тілінде – 1976), “Аманат” (1979, орыс тілінде – 1982) романдары, Таңдамалы шығармалары (2003) жарық көрген. С.М. Штеменконың “Бас штаб соғыс жылдарында” атты мемуарлық кітабын, Б.Момышұлының “Офицер күнделігін” қазақ тіліне аударған.<ref>З. Есмағамбетова</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}