Күштеп отырықшыландыру. Көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің экономикалық және саяси мақсаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Күштеп отырықшыландыру. Көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің экономикалық және саяси мақсаттары

Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.

Седентаризация (отырықшыландыру) идеясы, сондай-ақ ауылды жаппай ұжымдастырудың болашағы шаруашылық-мәдени үлгілердің ауысуымен тығыз байланыстырылды. Басқаша айтқанда, қазақ шаруа шаруашылығының даму жолдары мал өсіретін шаруашылықтардың егіншілікпен айналысатын немесе тұрақтап мал өсіретін шаруашылықтарға ауысуымен (мемлекеттің бағыттауымен) теңестірілді.

Мұндай ұғымның шенеуніктік-әкімшілік санаға берік орныққаны сонша, ол абсолютті шындық ретінде қабылданды. Алайда жаңа революциялық ойлау кеңістігімен проблемаларды бұлайша қабылдау қате болар еді, өйткені бұл арада дамыған дәрежедегі түсініктің дәстүрлі факторлары әлдеқайда басымдық рөл атқарады. Оның арнасында көшпелілер құрылымының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дағдылары тәжірибелік өркениеттермен және мәдениеттермен бітіспес жанжалға түсетін ескі-артта қалған дәстүр ретінде қарастырылады. Әрине, қалаған жағдайда сол кезде мал өсірушілердің Қазақстанда қанат жайған жайылымдық-көшпелі жүйесін барынша ұтымды және қарапайым жүйе ретінде сипаттауға болар еді. Алайда ол тек, аталған феноменді оған жағдай жасайтын кешеннен бөліп алып, индустриалды қоғамның ұғымына сүйене отырып, тап сол «ұтымды» экономикалық логиканың аясында қарастырған, өндірісті кеңейту мен табысты өсіруді мақсат тұтқанда ғана әділетті болады. Оның үстіне дәстүрлі шаруашылықтың дәлелі сапалық тұрғыдан өзге міндетке — биологиялық және әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруға бағдарланған және осы мақсатқа икемделуде ол айтарлықтай ұтымды болып шығады.

Қарабайырлық

«Қарабайырлыққа» келсек, бұл теңеу, сөз жоқ, өзінің шарттылығы жағынан байырғы алып аумақта мыңдаған жыл бойғы ерекше тәжірибені игеру әлемі болып табылатын, өзіндік тарихи эволюциялық даму формасына қолданыла қояр ма екен. Шынында да, өте қолайсыз табиғи ортаға бейімделудің тиімді әлеуметтік тетігімен және дамыған мәдени дәстүрлерімен қоса, өзінің жеке өркениетін қалыптастырған шаруашылық жүйесін «күйкі» жүйе деп есептеу дұрыс бола қоймас.

Көшпелілердің жалпыға бірдей танылған, айтарлықтай жоғары әртараптандырылған (күрделі) технологиялық дағдыларына мұндай таным сәйкес келмейді. Ежелгі далалықтар өндірісті ұйымдастырудың таңғаларлықтай таразыланған принциптерін меңгерді, табиғи ортадағы өзгерістерді тез және байыппен зерделеп, осыдан келіп туындайтын қайшылықтарды уақытына және кеңістігіне орай топтасқан қорларды кәдеге жарату арқылы шешуді үйренді. Олар мал тұқымын жақсарту, табынды бақташылық пен оның құрылымын жетілдіру әдістерін терең меңгерді, олардың малдың этологиясы (дағдысы) және фенологиясы саласындағы танымы өте жоғары болды. Осы бүкіл тәжірибе ғасырлар бойы дамытылып, жетілдіріле түсті, жаңа сипатпен ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Осының өзі мал өсіру мәдениеті серпінділігінің шартты түрдегі басты көздерінің бірі саналады.

Дамыған бейімделу-бейімдеу (мекен еткен ортасына бейімделу және сонымен бірге оны өзінің мүдделеріне бейімдеу) тетігі мен өзін-өзі ұйымдастырудың айтарлықтай қуатты әлеуетін меңгере отырып, көшпелілік құрылым шөлейтті экожүйеге кірігуге қабілетті болып шықты. Оның үстіне бұл үрдіс сондай икемді жүргізілді, тіпті мал өсіретін шаруашылықтардың өзі уақыт өте келе белгілі бір экологиялық қызметті (дәлелденгендей, жайылымдық жерлердің дұрыс пайдаланылмауы шөп шығымын төмендетеді, азот айналымын азайтады және айналып келгенде өсімдіктің өсуін нашарлатады) атқарушыға айналды.<ref>Южный Казахстан в цифрах. Шымкент, 1936, 131, 132, 122-125-6.</ref>.

Көшпелілік кешенінің қоршаған ортаға қосылуынын тиімділігіне мына жайттар дәлел, соның аясында өзінің дамуы үшін ол кәдімгі-табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың серпінділік тепе-теңдігін сақтауға қажеті алғышарттарды қалыптастырды. Мұндай эквилибрум (тепе-теңдік| идеясы бүкіл шаруашылық-ғұрыптық дәстүрдің кенеттен қозғалысқа түсуінен туындады. Осынын арқасында табиғи қорларды пайдаланушы және табиғатты сақтаушы қызмет кырларының арасында шартты түрде ойластырылған теңдікке қол жеткізілді, ал ол табиғатқа қатысты кереғар әрекетті болдырмауға, тиісінше әрекет етуші «қоғам — табиғат» жүйесінде үйлесімсіз байланыстар тудыруы мүмкін теріс салдарларын барынша жеңілдетуге мүмкіндік берді. Нақ соңғы тіркес бойынша Даладағы жұт және індет сияқты жан шошырлық құбылыстардың себебін түсіне аламыз. Жекелеген зерттеушілер, мәселен, Ф. Шахматов, оларды тренда — ғасырлар бойғы статистика шегінде қарастыра отырып, бұл арада қайсыбір қатаң кайталанып отыратын жиілік кезеңдерін бағамдауға тырысқан. Бұл 12 жылдық дағдарысты кезең - мүшелге бөлінетін халықтық ғұрыпқа да тән. Біздің ойымызша жұт - «қоғам» тарапынан оған шектен тыс қысым көрсетілгенде «табиғат» жүйесінің соған қарсы өзін-өзі қорғайтын рефлексі (айнадағыдай бейнеленуі). Малдың сан жағынан тез көбейіп кетуі жайылымға тиісінше қиындық тудырады. Табиғи орта одан құтылу мақсатында өзінің реттеуші тетігін, оның ішінде жұт, індет сияқты тетіктерін іске қосады. Жер Ғарыштың бір бөлшегі ретінде онымен зат алмасуы және қуат арқылы тұрақты байланысып тұратынын естен шығармаған жөн. Демек, табиғи антропогендік тепе-теңдік бұзылған жағдайда іс-әрекетті қалпына келтіретін кері энергиялық байланыстын туындайтыны сөзсіз (Ш. Фурьенін, Э. Леруаның, П. Тейяр де Шарденнің, В. Вернадскийдің, А. Чижевскийдін космосоциологиялық ілімдерін қараңыз). Жұттың жиілігіне және олардың аралық уақыттарға сәйкес келуіне тоқталсақ, олар сол кезең ішінде малдардың саны өзінің өнімдік дағдарыстық шегіне жететін уақытша циклдар жүйесі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, табиғи жағдай ескерілмегені үшін табиғат мықтап кек алады (табиғи реттейді).

Жоғарыда айтылғаннан мал өсіруші шаруашылықтар өңірдің мейлінше қатал табиғи-климаттық сипатына соған бара-бар кері жауап берді деген қорытынды шығаруға болады. Әйтпесе, басқаша болуы мүмкін емес, өйткені шаруашылық-мәдени қызметтің белгіленген үлгісі өзінің қазіргі күйіне қайсыбір «бастапқы консервативтілігімен және артта қалушылық» ескілігімен емес, экожүйенің жағдайларымен түзетілген объективті эволюциясымен тығыз байланысты. Экстремалды ортаның айын көрінісі болып табылатын шөлейтті кеңістік бейімделудің мүлдем ерекше формасын талап етті. Және мұндай форма жайылымдық-көшпелі мал шаруашылығында іске асырылды, ол тек осындай жағдайда ғана тұрақты экологиялық зардаптарға шартты тиімділікпен қарсы тұра алатын, тіпті кейде оны біраз жеңілдете де алатын еді.

Егер осы арада көрсетілген объективті оқшаулануды шолып өтсек, онда логикалық пайым шамамен былай болып шығады. Қазақстанның аумағы өзінің мәндік сипаттамасы бойынша қуаншылығы басым кеңістік. Алайда оны бұзбай-жармай тұтас қарастырсақ, ол шөлейтті экожүйе ретінде әрекет етеді. Тиісінше, ол сонымен бірге шөлейтті экологиялық қалтарыс ретінде ұғылады. Экологиялық аксиома ілімінің іргелі қағидаларының бірі - қалыпты экологиялық ортаның болуы тұрғысынан қарастырсақ, Қазақстанның аумағында да қолайлы экологиялық орта керек деген тұжырымға келуге болады. Алайда әңгіме нақ шөлейтті экологиялық орта туралы болғандықтан, оған шаруашылық-мәдени қызметтің тек мал шаруашылығы үлгісі ғана кіріге алады. Сонымен бірге ол жай мал шаруашылықты емес, жайылымдық-көшпелі, өйткені мүлдем ерекше экологиялық тұрғыдан баламалық номадтық (көшпелі) өндірістік әдіс арқылы ғана шаруашылық жүргізуші субъектіге кең жазира жер бедерлерін кәдеге жаратады, яғни аумақты әлеуметтік жағынан бейімдей алады.

Демек, экожүйелік шектеулердің объективті салдарынан және өндіргіш күштің объективті түрде қалыптасқан деңгейіне орай, жартылай шөлейтті Қазақстан тұрғындары өндірістің жайылымдық мал шаруашылығынан басқа түрімен айналыса алмады. Тек осы шаруашылық жүйесімен ғана шөлейтті экожүйемен кірігуге, сөйтіп «экономикалық тіршілікті» азды-көпті қамтамасыз етуге болатын еді. Және әрекет үстіндегі экологиялық ортаға (индустрияланғанға дейінгі өндіргіш күш аясына) бейімдеу арқылы ғана бақташы өз жұмысын айтарлықтай ұтымды жалғастыра алды, сонымен қатар жоғары және бәсекеге кабілетті (сол кездегі баламалылығы мүмкін шаруашылық жүйесіне қатысты) әлеуетін айқын көрсетті.

Алайда экологиялық ұтымдылық экономикалық мақсатпен жиі қайшылыққа түседі, көп жағдайда соңғысы басшылыққа алынады. Куаңшылық факторы жағдайында мұндай түйіннің болашағы аз, өйткені эко-жүйеге қабілеттілік ретінде қосылу, онын экономикалық тұрғыда тиімді игеру мүмкіндігін де білдіреді. Баламасыз шаруашылықтың табиғи ортаға кері әсері күтілген экономикалық мақсатты қатты әлсіретті (бұл бірден болды ма немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін болды ма, әңгіме онда емес). Табиғи-тарихи үрдістердің логикасы осындай және оған айтарлықтай дамыған өндіргіш күшке мықты тірек болғанда ғана енуге болады, бірак объективті ақиқаттан алшақтап, төңкерістік-қайта құрушы құдіретті күшке деген жалаң сеніммен қарамау керек.

Жайылымдық-көшпелі мал шаруашылығы

Жайылымдық-көшпелі мал шаруашылығының басты баламалы түрі ретінде егіншілік кәсібі сол кезде материалдық өндірістің экономикалық жағынан ұтымды және тиімді жүйесі ретінде қабылданды. Бұған негіз де бар еді, өйткені өркениеттіліктің бұл түрі барлық уақытта шартты түрде жоғары өнімділігі арқылы тартымдылығымен ерекшеленді. Оның үстіне бұл тұжырым тап сондай аксиомалы ұғым бола алған жоқ және бұл арада ережеден ауытқуы да мүмкін еді. Нақ осы әрекет, атап айтқанда, шаруашылық жүйесі өндіргіш күштерінің даму деңгейі егіншілік мәдениетіндегі табиғат қуандығы факторын тудырды, елеулі дәрежеде онын айтарлықтай басымдығын тежеді. Қазақстан аумағы өз тәжірибесімен осы тұжырымның ақиқаттығын дәлелдеп берді.

Осындай экстремальдық жағдайларда және өндіргіш күштің индустрияландыруға дейінгі деңгейі іс жүзінде сақталып отырған кезде егін өсіретін шаруашылықтардың өз әлеуетін тиімді іске асырады деп ойлау ақылға сыймайтын да еді. Шынында да, ол айтарлықтай тарылған болып шықты және шөлейтті егіншілік ғасырлар бойы қалыптасқан жайылымдық мал шаруашылығынан экономикалық басымдығын сөзсіз дәлелдейтіндей биікке көтеріле алмады.

Қазақстан табиғатының куаңшылығы жағдайында астық өнімділігінің төмендігін астықтың көп жылғы шығымдылық динамикасынан айқын көруге болады. Айталық, өлкенің революцияға дейінгі статистикалық есебінде көрсетілген 38 жылда (1880-1917) Солтүстік Қазақстанда астықтың орташа шығымдылығы гектарына 5,3 центнерді құрады.<ref>Dresch 1. Desertification et Tiers-monde, Pensee. P., 1980, №212.</ref>. Кеңестік кезеңде астықтың орташа шығымдылығы шамамен мынадай деңгейде болды: 1922 жылы - 5,2 ц/г, 1928-1932 жылдары - 5,8 ц/г, 1925-1934 жылдары - 6,7 ц/г (бұл арада біраз жылдардың климаттық жағдайы қолайлы болғанын айта кету керек).<ref>КР ОММ, 74-K., 15-T., 36-n., 37-ic.</ref>. Тіпті ең қолайлы, республикада астықтың шығымдылығы мол болған 1934 жылдың өзінде орташа көрсеткіш он центнерлік деңгейге де көтеріле алмады (сол уақытта жүргізілген есеп бойынша).<ref>Сонда, 9, 14-n.</ref>.

Сол кездегі шығымдылықтың статистикалық тіркелуі шартты түрде, яғни азды-көпті қалыптасқан егіншілік аудандарда жиналған астық көрсеткіштері есебінен жүргізілгенін ескеру керек. Ал бұл, әдетте, революцияға дейін отарлаушылар қорынан қоныс аударушыларға бөлінген телімдер болатын. Бұл алқаптар (негізінен Жетісуда және шағын орманды-далалық алқаптар) нағыз құнарлы, яғни жыртуға мейлінше жарамды, кезінде Қоныс аударушылар басқармасының білікті мамандары мұкият зерттеген алқаптар еді.

Алайда осы алқаптарда астықтың шықпай қалуы үйреншікті құбылысқа айналды. Онымен шаруашылықты экстенсивтендіру: бір-екі жыл астық егілген жерден басқа танапқа көшу арқылы күресуге болатын.<ref>Сонда, 36-ic, 30-n.</ref>. Мұндай «экономикалық ұтымдылықтың» экологиялық бағасы күткендегіден жоғары болатыны түсінікті. Жер қорын тағылықпен қанау ерте ме, кеш пе (бірақ сөзсіз) өңірлік (алғашқыда) табиғи-қор әлеуетінің бұзылуына әкеп соқтыруы тиіс еді, ал мұндай жағдайда кез келген экономикалық мақсат тиімсіз болып шығатыны анық.

Егер біз ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды технологиялық жағынан барынша жетілдірілген сапада жүзеге асыру көзделгенін ескермесек, жоғарыда келтірілген дәлелдер онша дұрыс болмай шығады. Табиғат апатына қарсы күреске енді қайсыбір ұсақ, куаты мардымсыз «жекешілдер» емес, «ірі механикаландырылған социалистік шаруашылықтар» шықты. Нақ осы болашақ көпшіліктің санасына шлейтті кеңістікке барынша ену және соның шегінде етек алған егін шаруашылығының өнімділігін көтеру мүмкіндігін ұялатты.

Сөз жоқ, ғылыми-техникалық үрдіс тегеуріні шөлейтті аймақта егіншілік саласының әлеуетіне барынша ықпал етуге қабілетті еді. Бірақ мұны барлық фактор кешенді түрде жүзеге асырылған, яғни егіншіліктің ғылыми жүйесі енгізілген, дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары және құрғақшылыққа төзімді сорттары шығарылған, химияландырылған және т.б. жағдайларда ғана іске асыруға болатын еді. Әйтсе де осындай жетілмеген өндірістік күштерге орай,ғылыми-техникалық даму астық өсіру саласын механикаландырудағы жекелеген үрдістер түрінде фрагменттер ғана әрекет ете алды. Басқаша айтқанда, егіншілікте бүкіл прогресс ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын кеңейту, егер нақтылап айтсақ, «тракторландыру» (ал ол, бәрібір, шектеулі ғана мөлшерде болды: 1930 жылы МТС құрылған колхоздардың бар болғаны 1%-ына ғана, ал 1935 жылы олардың жартысына жуығына қызмет көрсетті, сондықтан сол жылы егістіктің жартысынан сәл ғана астамына тұқым белгіленген мерзімде себілді) арқылы қол жеткізілген бар күрделі қаржыны жер игеру ісіне құюға бағытталды.

Мұндай амалсыз біржақты және тарылған түрдегі, сонымен бірге экологиялық сөзсіз тоздыру нәтижесінде топсасы босаған интенсивтендіру қарама-қарсы үрдіске - экстенсивтендіруге айналды. Және бұл түсінікті: егер бұрын жерді аяусыз кең ауқымда жыртуға техникалық мүмкіндіктің аздығынан ол әйтеуір шектеліп келген еді, енді түренді еркін салуға жол ашылды, өйткені механикаландыру тың жер деп аталған алқаптарға барынша қуатты шабуылды бастауға мүмкіндік берді.

Тұқым себілетін алқаптарды қара дүрсін кеңейтуге негізделген егіншілік сөзсіз өнімді және мақсатты алқаптар бола алмады және принципінде кәдуілгі индустрияландыруға дейінгі экстенсивті үлгіге ұқсады. Ал оның аясында топырақтың (табиғи) құнарлылығын аздырушы заңдылық өзіне тән қатал ақиқат рөл атқарды. Шөлейтті аймақтар жағдайында ол қолайлы үрдістерді уақыт бойынша да, кеңістік бойынша да өте тез сарқа отырып, одан да күшті зардапқа алып келді (көп ұзамай алға жылжитындай ештеңе қалмады, ал байырғы алқаптар тозғандықтан өзінің өнімділігін күрт төмендетті).

Сөйтіп өндіргіш күштер дамуының шектеулігі, осыдан келіп ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдаланудын әлсіздігі экстенсивті егіншілікті интенсивті егіншілікке көшіруді тежеді. Осының салдарынан шөлейтті экологиялық ортаға тиімді кірігуден гөрі оған күштеп әсер етуге ұмтылыс жасалынды, ал бұл үрдіс жақын арада, әсіресе ұзақ мерзімді болашақта елді экологиялық ауыр зардаптарға ұшыратар еді.

Қарастырылып отырған жылдары көшпелілерді отырықшыландыру және егіншіліктің шөлейтті аймақтарына тарау проблемаларын баламалық түсінуімен ерекшеленген белгілі бір қоғамдық күштер болды.

Олардың көзқарастары ұжымдастыру қарсаңында қазақтың көшпелі шаруашылықтарының тағдырына және астық өндірісінің республиканың шөлейтті жерлеріндегі болашағына қатысты өрбіген айтыстарда көрініс тапты. Осы мәселеге байланысты жарияланымдар қатарына ең алдымен А.Н. Челинцевтің, А.А. Рыбниковтың, М.Г. Сириустың, О.П. Швецовтың, К.А. Чувелевтің, И.В. Лариннің, А.Н. Доничтің және басқаларының мақалаларын жатқызуға болады.

Ғылыми тұрғыда негізделген көзқарастарды жақтаушылар ретінде олар түбегейлі өзгерістер бастамашыларының назарына салу үшін айтарлықтай маңызды пікірлер ұсынды. Алайда олардың пікірлері ескерілмеді, ал кейін «буржуазиялық түсінбеушіліктің айқын айғағы» ретінде бағаланды. Егер нағыз ғылыми тұрғыдағы көзқарасты жақтаушылардың аргументтері бұдан да дәлелді болғанмен, соның өзінде олардың пікірлері назарға да алынбас еді, өйткені олардың тұжырымдары осы мәселеде кеңестік жүйенің мүддесімен сәйкес келмейтін еді.

Демек, сталиндік басшылықты және оның Қазақстандағы өкілдерін кереғар әлеуметтік эксперимент өткізу - көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды жаппай отырықшыландыру жөнінде шешім қабылдауына не итермеледі? Кеңестік тарихнама ғылымында бұл акция далалық көшпелілерді әлеуметтік даму жолына барынша тез салуға жетелейтін ерекше қозғаушы күш деген пікір орнықты.

Мұндай бутартпас кесім айтуға бойсұну, жалпы айтқанда түсінікті еді, өйткені сол жылдардың ресми құжаттары идеологиялық жабумен мықтап тұмшаланды, кешенді түрде алғанда халықтың тұрмысын жақсарту мен прогресс идеясы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің жаппай отырықшылану бағытын айқындап бергендей етіп бейнеледі. Іс жүзінде солай ма? Егер олай болмаса, науқанды дәл 1920-1930 жылдар белесінде өрістетуге не себеп болды, неге ол одан бұрын немесе кеш басталмады?

Белгілісі, орасан серпінді индустриялық даму жоспары астық мәселесін ең көкейкесті қажеттілікке айналдырды. Өнеркәсіпте жұмыс істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметшілерді аз да болса азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті ашық қойылды. Астық өндірісін ірілендірмей (ал индустияландыру о бастан импортты алмастыру негізіне құрылды) техникалық жабдықтарды сатып алу да проблемаға айналды, өйткені ол үшін валюта қажет болды, ал экспорттық құрылым тарыла түскен еді. Сонымен бірге әлемдік экономика дағдарыс толқынына малтықты, ол астық бағасын тез құлдилатып жіберді.<ref>Сонда, 962-K., 1-т„ 264-ic, 26-27-ic.</ref>. Сондықтан индустрияландыруды қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық қаражат көлеміне тек астық сатуды ұлғайту арқылы қол жеткізуге болатын еді (егер 1926 жылы КСРО-дан сыртқа 0,1 млн т астық шығарылса, 1929 жылы — 1,3, 1930 жылы - 4,8, 1931 жылы - 5,2 млн т астық шығарылды).<ref>Данилов В., Ильин А., Тепцов И. Коллективизация: как это было // Урок дает история. М., 1989, 171-6.</ref>.

Астықтың қажеттігі

Сөйтіп астықтың қажеттігі күн өткен сайын артты. Осыған байланысты оны аграрлық сектордан кедергісіз қалай алу туралы ғана емес, астықты талап қойылып отырған көлемде қалай өндіруге болатындығы туралы да мәселе туындады. Біріншісіне келетін болсақ, жеке меншіктің жойылуына, өндіріс құралдарының толықтай мемлекет меншігіне өтуіне, шаруа шаруашылықтарының жалған кооперативтерге жаппай бірігуіне орай, яғни ұжымдастыру арқылы оны орындау мүмкіндігі туды. Осыдан кейін ауыл шаруашылығынан шаруаның өнімдерін қайтарымсыз жөнелтуге ештеңе бөгесін бола алмады.

Екінші міндетке байланысты өндіргіш күштердің мардымсыз дамуы және ғылыми-техникалық прогресс факторлары жағдайында мәселені шешудін бір ғана нұсқасы: eric алқаптарын барынша кеңейтудін экстенсивті жолы қалды. Сондықтан астық ондіру бағдары әр түрлі сипаттағы (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) кешенді кедергілер болуы мүмкін, өзін мүлдем ақтамаған өңірлерде де қолдау тапты. Ең бастысы қамбаға құйылса болғаны. Тек оны қандай жолмен болсын жинау керек. Егер шығымдылығын көтеру және интенсивтендіру (соңғысына ҒТП факторларын іске қоспай-ақ, экономикалық жүйе мен өндірушілерді жан-жақты ынталандыру арқылы қол жеткізуге болатын еді) жолы мүмкін болмаса, онда егістік көлемін ұлғайту арқылы болса да қажетті астық көлемін жинау қажет деп табылды.

Осыған байланысты сталиндік басшылықтың шығыстағы елдердің ұлан-ғайыр жеріне қызығушылығы артты. Оның үстіне, бұл өнірдің қызығушылық тудыратыны да рас еді. Айталық, одақтық Жер халық комиссары Я.А. Яковлев БК(б)П XVI съезінің мінбесінен: «Есеп бойынша ... Қазақстанда 50 миллион гектардан 55 миллион гектарға дейінгі жерді тұқым себуге жарамды деуге болады, оның 36 млн гектарга жуығы солтүстік округтерде орналасқан... Мұнда бидай алқабы егіске жарамды жердің тек 5%-ын құрайды. Егер тұқым себуге жарамды осы 36 млн гектардың 30%-ына дейінгісін бидай алқаптары құраса, ендеше біз бесжылдықтың соңында тек бір Қазақстаннан ғана қосымша 8-10 млн га бидай алқабының әр гектарынан 6-7 центнерден астық жинаймыз» деп рапорт берді.<ref>Гордон Л.А., Клопов Э.В. Что это было? М., 1989, 81-6.</ref>.

Осындай болашаққа деген қуаныш үмітіне көлеңке түсіретін жайттар да болды. «Тұқым себуге жарамды» жерлер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірушілердің шаруашылық тұрғыдан кәдеге жарату объектісі ретінде қызмет етті, өйткені ол жерлер ықылым заманнан бері жайылымға пайдаланылып келген еді. Басқаша айтқанда, былай болып шықты, кеңестік жүйенің жоспарлары дәстүрлі мал шаруашылығы кешенінің кедергісіне тап болды. Осындай пайымда отырық диылану мәселесі енді басқа қырынан көріне бастады. Атап айтқанда, сол кезде (1920-1930 жылдар белесінде) дала көшпелілері өздерінің өндірістік ерекше тәсілімен индустрияландырудың шектен тыс қарқынын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің астық өндірісін барынша кеңейту бағытымен қайшылыққа келді. Жанжалдың түйінін көшпелілер мен жартылай көшпелілерді «жыртуға жарамды алқаптардың» бүкіл ауқымы бойынша жеделдетіп және жаппай шаруашылық пен тұрмыстын отырықшылық нысанына көшіру, яғни мал өсірушілерді диқандарға немесе «мәдениетті мал өсірушілерге» айналдыру жолымен тарқатуға болады деп есептелді. Осы арқылы, біріншіден, жаңа алқаптарды (яғни жайылымдық жерлерді) тұқым себу үшін дайындау, екіншіден, оларды кешегі мал өсірушілер <ref>XVI съезд Всесоюзной Коммунистической партии (большевиков). Стеногр. Отчет. М., 1930, 584-6.</ref>. түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілермен қамтамасыз ету (еңбек қоры жетіспеген жерлерде ол қоныс аударушылар есебінен игерілуі тиіс) <ref>Отырықшылық салтқа көшіру «совхоздар мен кәсіпорындарды 300 мын жұмысшы күшімен қамтамасыз етеді» деп есептелінді (Каменский К.П. Пятилетний план сельского хозяйства КАССР // Народное хозяйство Казахстана. 1930. №5-6, 49-6.).</ref>. көзделді.

Сол кезеңнің ресми дерек көздерінде мәселені шешу жолдарының осылай ойластырылғаны туралы айтылады. Айталық, КАКСРХКК төрағасы республиканың халық шаруашылығының бесжылдық даму жоспары туралы баяндамасында «республикада егіс алқаптарынын көлемін және егін шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқынын арттыруға болатын сәттердің бірі – қазақ халқын отырықшыландыру» <ref>Сонда, 50-6.</ref>. деп түсінікті ой айтты. Республиканың Жер халық комиссарының Қазақстан Кеңестерінің VII съезінде (1929 жылғы сәуір) жасаған баяндамасында осы мәселе турасынан былай қойылды: «Қазақстанның, өзінің табиғи-тарихи жағдайларына орай, астық шаруашылықтарын дамытуға зор мүмкіндіктері бар. Eгіс алқаптарын қандай жолмен нақты кеңейте аламыз? Біз қазір нақ осындай мәселе қойып отырмыз. Біздің егіс алқаптарын кеңейту жөніндегі бірінші міндетіміз — қазір назар аударатын ең басты орталық мәселе — ол қазақ халқын отырықшыландыру туралы мәселе. Қазір біз жерге орналастырудың кең ауқымды жұмысына көшеміз, сондықтан мынадай принципті ұстанамыз, жер егіс егуге жарамды ма, олай болса әрбір шаруашылықтағы барлық аумақ егін өсіретін аумаққа айналуы, қазақ шаруашылықтары егіншілікпен айналысуы тиіс».<ref>Павлов К. Казахстан на путях самопознания: 1-й Казахстанский научно-исследовательский краеведческий съезд // Народное хозяйство Казахстана. 1930 г. №5-6, 79-6.</ref>.

КАКСР Кеңестерінің VII съезінде Жер халық комиссарының баяндамасы бойынша қабылданған қарары осы ретте тайға таңба басқандай болды. Онда мынадай қаулы қабылданды:

  1. ...Кеңестер съезі қазір мүлдем пайдаланылмайтын немесе экстенсивті жайылымдық-мал өсіруші шаруашылықтарда үстірт пайдаланылатын, жыртуға жарамды мол жердің болуы

Қазақстанды Одақтың өте маңызды астықты аудандарының біріне айналдыру мүмкндігімен ерекшеленеді деп есептейді.

  1. . Өлкеде астықты шаруашылықтарды дамыту ең алдымен Солтүстік Қазақстан мен оңтүстіктің бірқатар аудандарының көшпелі және жартылай көшпелі халқын отырықшыландыру проблемасына келіп тіреліп отыр.

Астықты алқаптар қазақ халқын республиканың барлық астықты шаруашылықтарын дамытуға жарамды жеріне отырықшыландыру есебінен кеңейтілуі тиіс».<ref>VII Всеказахстанский съезд Советов. 8—15 сәуір 1929 г. Стеногр. отчет и постановления. А.-А., 1930, 169-6.</ref>.

Көшпелілік проблемасы бұл кезеңде шешімін табуды талап етуші (яғни кокейкесті болып отырған) мәселе ретінде емес, көбіне-көп Қазақстанның ауқымды жер кеңістіп экстенсивті астық өндірісіне қосуға кедергі келтіретін негізгі фактор ретінде қарастырылғаны, әкімшіліктердің пікірінше, астықты дақылдарды немесе мақта өсіретін алқаптарды ұлғайту болашағы туралы айтылған әңгімеде ғана еске алынды (ҚазАКСР-і ЖХК-ның 1932жылғы есебінде «отырықшылану ежелгі макта өсіретін аудандарда мақта алқабын ұлғайтты, жаңа, бұрын игерілмеген Түркістан, Талас және Әулиеата аудандарында жаңа мақта телімдерін іске қосуға мүмкіндік берді, сөйтіп ұлтшылдар мен оңшыл оппортунистердің қазақтардың тек көшпелі өмірге икемділігі туралы даңғаза ілімінің күлін көкке ұшырды. Үстіміздегі жылдағы егін көшпелілердің, тіпті таза көшпелі аудандардағы көшпелілердің өзі бұрын мүлдем білмеген дақылдарды да (мақта, көкөніс, бау-бақша, жүгері, майлы дақылдар және т.б.) өсіре алатынын дәлелдеп берді» <ref>Сонда, 247-248-6.</ref>. деген пікір айтылды.

Осындай мақсаттарға мүлдем жарамсыз деп есептелген өңірлерде көшпелілердің тағдырына көңіл бөлушілік әлсіреді. Оның үстіне, егер «тауарлы астық өсіру мүмкіндігі бар» аудандарда жайылымдық мал шаруашылығы үзілді-кесілді және біржақты «ескіліктің қалдығы» деп саналса, екінші жағдайда (яғни «жарамсыз аудандарда) декларацияланған басымдыққа кереғар «әзірге аумақты шаруашылық мақсатында пайдаланудың бірден-бір формасы» ретінде қарастырылды. Басқаша айтқанда, екі нұсқада да әңгіме мал өсіретін аудандар туралы өрбігенмен, олардың астық проблемасына және «КСРО-ның мақтаға тәуелсіздігі» жолындағы жетістіктерге бағыныштылығын тағы бір дәлелдеді.

Айтылғандарға қарап, қарастырылған кезеңде көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жаппай отырықшыландыру жөніндегі науқанды жедел өрістету идеясы дала тұрғындарын бірден өркениеттілік жетістіктеріне дағдыландыруға ұмтылудан гөрі өзінің мүддесіне неғұрлым тиімді пайдалануға тырысты деген тұжырым жасауға болады.

Астық проблемасы туралы сөз болғанда, оны сол кезде бәрінен бұрын көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшыландыру саясатына ынталандырудың және оған мемлекет тарапынан назар аударушылықтың күрт артқанын фактор ретінде айта отырып, оның тактикалық жоспар тұрғысындағы сипатын да атап өткен жөн. Оның үстіне Кеңестік биліктің осыған қатысты ерте ме, кеш пе көшпелілік кешенін таратуға әкеп соқтыратын стратегиялық мақсаты да болды. Алайда соның арасында халықтың әл-ауқаты мен мәдени денгейін көтеру себептері де іздестірілді деу аңғалдық болар еді.

Бұл арада бәрі де әлдеқайда қарабайыр мүдделерді жүзеге асыру секілді жүргізілді. Біріншіден, көшпелілерді отырықшыландырып және оларды ұжымдастыра отырып, Кеңес өкіметі социалистік өндіріс құралдарын қоғамдастырудың (дәлірек, мемлекеттің меншікті заңсыз иеленуінің) және жеке меншікті таратудың орталық өлшемін іске асырды.

Екіншіден, азаматтық қоғамның бітіспес қарсыласы бола отырып, қайткенмен де өзінің аясында кез келген табиғи туындаған жанама әлеуметтік байланыстарды, олар қандай сипатга болсын және қандай алғышарттармен объективтендірілмесін, бұзуға ұмтылды.<ref>КР ОММ, 1179-к., 1-т., 37-іс, 12-13-п.</ref>. Қазақ ауылдарында осындай әлеуметтік байланыстардың басым үлгісі халықтың елеулі бөлігін кіріктірген және өзін-өзі дербес басқаратын құрылымдар қызметін атқарумен ұқсастырылған қауымдық қатынастар түрінде әрекет етті. Жеке адамдар өзінің тіршілік ететін барлық саласында мұндағы қызмет атқаратын орнықты тетіктерді және мүдделердін қалыптасқан құрылымдарын іздестіру тұрғысында режимнің авторитарлык-этатизмдік шылауынан тыс қалады. Тек осы мән-жайға орай, байланыстың осындай үлгісі жедел қалыптасушы әкімшілік Жүйеге кірікпеді, сондықтан оның ұдайы өндірісінің — дәстүрлі құрылымдарынын бастауларын тарату арқылы тұйыққа тірелуден аман қалды.

Сондықтан, биліктің көзқарасы тұрғысынан, ауылды қайта құрудың желпуіші жай тарату емес, дәстүрлі құрылымдарды олардың жанама байланыстарымен, «жоғарыдан төменге дейін бәрі бірдей құлға айналған», еркі жоқ, «бұрандалы адамдардан» құралып,терендей жайылған мемлекеттік бақылаумен тікелей байланысты орталықтандырылған Жүйемен ауыстыру қажет еді. Осы мәселені отырықшыландыру мен ұжымдастыру саясаты жақсы шеше алған жоқ. Оны жүзеге асыру арқылы жеке адамның корпоративтік-қауымдық мүдделерге бағыныштылығы мемлекеттік биліктің тоталитарлық-корпоративтік бұдан әлдеқайда қорқынышты тәуелділігімен ауыстырылды.

Көшпелі шаруашылықпен баламалық рөл атқарған «социалистік өрістік-жайылымдық мал шаруашылығы» кейбір ғылыми-техникалық прогресс (технологиялық процестің жекелеген кезеңдерінде еңбекті механикаландыру, селекциялық іс-шаралар, зоотехникалық қызмет көрсету, ветеринариялық бақылау және т.б.) жетістіктерінің енгізілуі есебінен біраз жаңғыртылса да, сол байырғы көшпелі дәстүрдің ізімен жүрді. Өзінің басты үйымдастыру принциптері бойынша өрістік-жайылымдық мал шаруашылығы көп жағдайда жайылымдық-көшпелі және жартылай көшпелі жүйеге сәйкес келді. Этнографиялық әдебиеттерде «трансгуманс» ұғымымен белгіленетін өрістік-жайылымдық мал шаруашылығы жартылай номадтық, яғни жартылай көшпелі, шаруашылықты-мәдени үлгі <ref>Стариков Е.Н. Маргиналы // В человеческом измерении, М„ 1989, 185-188-6.</ref>. ретінде саралануы тегін емес. Ол қазір де <ref>Свод этнографических понятий и терминов: Материальная культура. М., 1989, 118-120-6.</ref>. сол күйінде қалып отыр, ал 1930 жылдардағы туралы айтудың өзі артық еді.

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: жедел және жаппай отырықшыландыру үрдісінде өндірісті ұйымдастыру принциптерін түбегейлі өзгерту жүзеге асқан жоқ (әрине, мал өсірушілердің егін өсірушілерге айналғанын қоспағанда). Ендеше күштеп отырықшыландыру саясатын қайсыбір шын мәніндегі ұлы бетбұрыспен шендестіру дұрыс бола ма? Биліктің еркіне бағынып, ұзақ уақыт және ұдайы ұраншылдық қыспағындағы сандаған адамдар тағдырының қияметі туралы айтқан жөн: енді олар көшпелілер де емес, сонымен бірге мал шаруашылығы шаруашылықтарының принципі жаңа үлгідегі ұйымдарының қызметкерлері де емес; ескі әлеуметтік байланыстар түрін өзгерткен немесе үзілген, бірақ сапалық тұрғыдан жаңалары жасалмаған күйінде қалды. Егер осыған бұрынғы дәстүрлі жеке байланыстардың үзілгенін, жеке тұлғанын басқа субстанцияға мүлдем қосылмағанын, баяғы сол корпоративтік және сондай мөлшерде жеке қатынастык субъектіге айналғанын, бір әлеуметтік топтың белгілерін жоғалта отырып, оның жана шаруа табының өкілі бола алмағанын қоссақ, онда жалған ұраншылдық туралы айтуға толық негіз бар. Соңғысы тұрмыс пен сананың барлық салаларына терең кірікті.

Баламалық күштің теріс салдарларын сипаттай келе, оның белгілі бір денгейде экологиялық шиеленіс пробемасының тууына себепші болатынын ескерген жөн. Жоғарыда мал өсіруші шаруашылықтардың куаңшылықты экожүйенің айтарлықтай белсенді элементі болып табылатыны және соның аясында белгілі бір экологиялық қызметті атқаратыны атап көрсетілді. Оның істен шығуымен экожүйе өзінің елеулі компонентінен айырылды, бұл онын жалпы жай-күйіне теріс әсер етпеуі мүмкін емес, өйткені, экологиялық аксиома іліміне сәйкес, қандай да бір табиғи жүйенің бұзылуы қолданыстағы өзара байланыстардын барлық бағытының күйреуіне сөзсіз алып келетіні анық.

Отырықшылық негізінен Солтүстік Қазақстан өңірін қамтыды. Оған қоса, оның аумағының елеулі бөлігі Батыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның көшпелілері мен жартылай көшпелілерінің маусымдық жайылымдық жері ретінде дәстүрлі түрде пайдаланылды. Республиканың солтүстігінде көшпелі шаруашылық кешенінен ауқымды егістік жерге алынып қойылуы мал азығы қорына байланысты жағдайды күрт шиеленістірді.

Жайылымдық жерлер тарылып кетті. Мал өсіруші шаруашылықтарға көшетін кең жайлау табылмады, сондықтан олар өзінің малдарын барлық маусымда — қыс пен көктемде, жаз бен күзде баяғы сол бір өрісті шиырлай жаюына тура келді. Жайылымдық жерлер малдың тұяғымен шектен тыс тапталып, қайта бой көтеру мүмкіндігінен айырылғандықтан ол бірте-бірте аза бастады да, тез куаң тартты.

Алайда экологиялық келеңсіз салдар тізбегі осымен де тыйылмады. Осы жылдарда Қазақстанда жердің қара топырақты қыртысының кең ауқымда бұзылуын байқатқан, тағы бір үдемелі даму үшін айтарлықтай қолайсыз фактордың алғышарттары қалыптаса бастады. Бір жағдайларда ол малдың көп бағылуынан немесе аз бағылуынан, екінші жағдайларда жердің жыртылуынан болды. Соңғы уақытқа дейін осы факторға онша назар аударылмай келді. Оның үстіне, анықталғандай, ол климаттың өзгеруіне өте теріс әсер ете бастады. Ғалымдар тұрақты түрде органикалық қуат алып отырмаган топырақтың басқаларымен салыстырғанда күн сәулесін 7-17 есе аз жұтатынын, 18-23 градусқа дейін ғана немесе 3-4 есе аз жылынатынын есептеп шығарды. Ал топырақтың жалаңаштанған жоғарғы қабатына тікелей жұтылған қарқынды күн сәулесі жылуға ауысып, оны артық қыздыратындықтан айрықша құрғақшылыққа ұрындыратыны белгілі.<ref>Елуфимова Л.С. Республиканың қой шаруашылығын ұзақ жылдар бойы зерттеудің және социологиялық деректердің мөліметтеріне сүйене отырып, «Қазақстанда қой шаруашылығы қазір де бұрынғы дәстүрдегідей көшпелілік түрінде қалып отыр» деген тұжырымға келеді (Караңыз: Елуфимова Л.С. Кому доверить отару? А.-А., 1998, 7-6.).</ref>. Жоғарғы қабаттағы құрғақшылыққа ұшыраған жаланаштанған топырақтың ауқымды қуаншылық көзіне айналатыны түсінікті.

Тарихнамада оңдаған жылдар бойы орныққан теориялық-әдістемелік қондырғылар мен болжамдарда көшпеліліктің артықшылығына мейлінше теріс баға беріліп келді. Қазір кәдімгі түсінік басқаша қарастырылуда. Бұл процесті, сөз жоқ, қолдауға болады. Алайда өкінішке қарай, бұл арада да түйткілді жайттан арыла алмадық. Тарихнама тәжірибесі көрсеткендей, мұндай әрекеттердің мәселенің екінші қиырына ауысып кететіні аз кездеспейді, әбден «соққы жеген» құбылысты оңалтуға беріліп кеткен зерттеуші оның анык теріс жағын байқай алмайды.

Жоғарыда айтылған пікірлерді нақ осындай жағдайдын ұқсас мысалы, яғни көшпелілікті идеяландыруға талаптанушылық ретінде қабылдамаған жөн. Біз үшін маңыздысы бұл тармақтың әлемдік өркениеттіліктің белгілі бір кезеңге дейін өзіне жүктелген міндетті орындауға жұмылған бір бұтағы екенін, оны уақытынан бұрын «қиып тастау» алып бәйтеректі бірте-бірте семдіру сияқты болып шығатынын атап көрсету болмақ.

Құрастырылған кезенде жайылымдық мал шаруашылығы экономикалық мақсаттылық тұрғысынан алғанда әлі де қолдануға қабілетті әлеуетті күш екенін көрсетті. Керісінше айту ақиқатында нақ сол қуаңшылық жағдайында мал шаруашылығын ұйымдастырудан басқа сапалы, барынша табысты және өнімділігі жоғары принциптермен жұмыс істейтін баламалық жүйесінін болғанын дәлелдеуді талап етеді. Тек осы ретте ғана сол кезде жайылымдык-көшпелі мал шаруашылығының экономикалық ұтымдылығын жоғалтканы туралы сөз етуге болады. Осындай ұғынымда ғана көшпелілік кешені экономикалық бәсекеге шыдай алмай табиғи жолмен аренадан кетер еді. Алайда бұл бағытта қайсыбір козге түскен үрдіс тіркелген жоқ. Нарыққа бағытталмаған мемлекет аясында қандай бәсеке туралы сөз болуы мүмкін деген тұрғыда емес, кеңестік билік өзінің ұмтылысында қоғамдық және табиғи эволюцияға баламалық емес (индустрияландыруға дейінгі) өндіргіш күштердің даму денгейінің қолдан ойластырылған жобасына сүйеніп, бәсекеге қабілетті мықты құрылым құра алмады.

Сондықтан мемлекет өзінің өндірісті көшпелілік тұрғыда ұйымдастырудың түбегейлі қайта құруға талпынысында тек оның кейбір қырларын жаңғыртумен ғана шектелді (егер, әрине, ұйымдастырудың әлеуметтік қырлары емес — бұл арада формалар мен мазмұнның (колхоздар) таза өндірістік-технологиялық жағы еске алынуы керек). Осындай өзгерістер салдарынан ұдайы өндіріс үрдістеріне арналып көптеген ұраншылдық алғышарттары жасалды. Және осы мән-жай көптеген әлеуметтік теріс құбылыстарды тудырды.

Экологиялық ұтымдылықтың тағы бір маңызды қырына тоқталайық, бұл арадада мүлдем біржақты қорытынды жасаған жөн. Шаруашылықтың басқа жүйесінен орын ала алмаған жайылымдық мал шаруашылығы экологиялық құрылымға табиғи түрде кіріге алды, сондықтан шаруашылық жүргізудің көшпелілік құрылымының, құрғақшылықты аудандарда табиғатты жүйелі пайдаланудың айтарлықтай тиімді стратегиясы ретінде, қайсыбір тең келерліктей баламасы болған жоқ.

Демек, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру арнасында жүзеге асырылған отырықшыландыру саясаты объективті түрде ерекшеленген: кәдімгі табиғи және материалдық-технологиялық алғышарттардан айырылды. Дегенмен қайсыбір отырықшылану мүмкіндігін теріске шығару дұрыс болмас еді. Мұндай болашақтың мүмкіндігі де бар еді. Көшпелі-мал шаруашылық құрылымдарда тамыр жайған қайшылықтар ерте ме, кеш пе өзінің пісіп-жетілу барысында бәрібір жарыққа шығуы тиіс-ті. Бірақ ол дабыл қақтырар шарттардың түзілуі үшін қажетті факторлардың жеткілікті қордалануына орай, өз кезегінде өндіргіш күштің дамуының белгілі бір деңгейінде (бірақ қарастырылып отырған кезеңдегі индустрияландыруға дейінгі кезеңде емес) орын алар еді.

Көшпелілік тарихи даму барысында өзінің экологиялық және технологиялық әлеуетін тауысып, жойылуға мәжбүр болды, өйткені шаруашылық жүргізудің мұндай нысаны қоғамның индустрияландыру және топтасу жағдайларына, нарықтық экономика талаптары мен мықтап дамыған тұтыну жүйесінің құндылықтарына бейімделуге қабілетсіз еді.<ref>Золотарев П. Т., Золотарев С.П. О причине засухи и путях ее преодоления // Земледелие. 1990. №3, 73-6.</ref>.Тиісінше, отырықшылыққа күштеп көшіру әдісі көшпеліліктің бірден-бір ақылға сыйымды баламасы емес, өйткені ол сансыз құрбандықтар және қазіргі заманға дейін ілесіп келген кейінгі теріс салдарларсыз табиғи жолмен өзгертілуі жүзеге асырылмады.

Дереккөздер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4 ISBN 978-601-282-026-3

Дереккөздер

<references/>