Күйші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күйшідомбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы - музыкант. Күйшіні домбырашы, сыбызшшы, қобызшы деп те атайды.


Күйші жөніндегі алғашқы деректер күй атасы Қорқыт (7-8 ғасыр) пен Кетбұға (12 - ІЗ ғасырлар) есімімен байланысты кездеседі. Күйшілер белгілі аспапқа арналған күйді орындаушы және күй шығарып әрі оны өзі орындайтын сазгер болып екіге бөлінеді. Мысалы, сазгер күйшілер: Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Байсерке, Ықылас, Тәттімбет, Мәмен, Өсқенбай, Сейтек, Сүгір, Тоқа, т.б. Күйші орындаушылар: Н.Бөкеііханов, О.Қабшожин, Б.Қарабалина , Т.Момбеков, Л.Мухитов, Р.Омаров, Ы.Хамзин, Ә.Хасенов, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}