Консонанс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Консонанс - (Үлгі:Lang-fr), музыкада - дыбыстардың өзара үйлесіл үндесуі; диссонансқа қарама-қарсы ұғым. Қысқа мағынасында консонанстық 2 дыбыстың (интервалдың) үндесуін, ал кең мағынасында 3 және одан да көп дыбыстардың (аккордтық өзара үндесуін консонанс деп атайды. Консонанстық интервалдар, үш дыбыстылықтар және ойың айналымдары гармонияның негізі болып табылады. Консонанс жетілген (таза октава, квинта, кварта) және жетілмеген (үлкен, кіші терциялар, сиксталар) интервалдарға бөлінеді. Олар естілуіне қарай ажыратылады. Консонанс музыка теориясында өзіне тәуелді диссонанстық үндестілікті (диссонанстардың қонсонансқа ауысу заңымен) ортақ лад жүйесіне біріктіруде негізгі роль атқарады. Консонанс пен диссонанс шығарманың мазмұнына сай өзіндік эстет. сипатпен қолданылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>