Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кере қарыс"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Бес жүз бес сөз.—Алматы → Бес жүз бес сөз.— Алматы, Рауан, 1994. → Рауан, 1994 жы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

21:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Кере қарыс. «Кере қарыс маңдай ақыл-парасаттың қоймасы сияқты» (Р. Әутәліпов, Той тарқар.). Сырт қарағанда, тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің кез келгені, мағына жағынан, түсініксіздік тудырмайды. Алайда, тіліміздің қазіргі түсіндірме сөздіктерінде әр түрлі ұғымға нұсқайды. Екі томдық түсіндірме сөздікте кере қарыс — кең, жазық; ал он томдықта кере қарыс — қарыс жетпейтіндей кбз деп баяндалған. Шындап келгенде, осы екі сөздің алғашқы мағыналары нені аңғартқанын біле бермейміз.

Тунгус-маньчжур, моңғол тобындағы тілдер дерегінде хир, кірі, кирэ тұлғалас сөздер «өлшем», «өлшеу» мағыналарын береді (ССТМЯ, I, 399). Ал ауыспалы мағыналары «көлем», «аумақ» сияқты түсінікке ие. Дегенмен, алғашқы, тұңғыш мағынасын «өлшем» деп қараймыз. Анығырақ айтқанда, «кере» сөзінің қазақшасы — «өлшеу».

Тіркестің екінші сыңары иран тілінен табылады ғәрс — ен, енділік (Пер.-рус. сл., 1959). Қазақ тілінде осы тұлға «қарыс» қалпына дейін өзгеріске түскен. Егер «кере қарыс» сөзін алғашқы мағыналары бойынша қазақшаласақ «өлшеу енділік» немесе «енділікті өлшеу», «ендік өлшем» болар еді. Қазақтар қолданылысында да осы жағдай анықтала түседі. Мысалы, «маңдайы кере қарыс», «жылқының қазысы кере қарыс» іспеттес сөз тіркестерінде заттың ұзын тұрқы емес, енділігі өлшеніп отырғанын байқау қиын емес.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}