Кендірлік көмір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:10, 2012 ж. сәуірдің 28 кезіндегі Bolatbek (Талқылауы) істеген түзету

Кендірлік көмір– жанғыш тақтатас орны, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында, Зайсан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 – 65 км жерде орналасқан. Кен орны 1874 жылы ашылған. 1920 ж. барлау жұмыстары жүргізілді. Кен орны солтүстік-батыс бағытта синклиналь қатпар жасай орналасқан. Геологиялық құрылымы палеозой, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түзілген. Көмір қабаттары ортаңғы-жоғарғы тас көмір (Кендірлік шоғыры), жоғарғы пермь (Аққалқан шоғыры) және жоғарғы триас (Толағай шоғыры) кезеңдері түзілімдерімен байланысты. Жанғыш тақтатастар Кендірлік, Қараүңгір және Тараншы (Сайқан) шоғырларында пайда болған. Кендірлік шоғырында бір көмір (қалыңдығы 2,1 – 2,7 м) және екі жанғыш тақтатас қабаттары анықталған. Аққалқан шоғырында 50 шақты көмір қабаттары (жиынтық қалыңдығы 19 м) анықталған, олардың ірілерінің қалыңдығы 0,6 – 1,6 м-ден 5,1 м-ге дейін. Толағай шоғыры синклинальдың орталық бөлігін толтырады, оның құрамында 48 қоңыр көмір қабаты бар, олардың 16-сының қалыңдығы 0,6 – 7,2 м. Тас көмірдің күлділігі жоғары (45%-ға дейін), күкірті аз (0,4 – 0,9%). Жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 7,7 мың ккал/кг-ға дейін. Толағай шоғырының көмірі қоңыр, күлділігі 10 – 55%, күкірті аз. Тас көмірдің 1800 м тереңдікке дейінгі қоры 587 млн. т, қоңыр көмір 1033 млн. т (600 м тереңдікке дейін). Жанғыш тақтатастардың жалпы қоры 4075 млн. т, оның ішінде 708 млн. т-сы баланстық. Қазір кен орнындағы шағын ашық кеніштерде жергілікті тұтынушылардың қажетін өтейтін мөлшерде отын өндірілуде.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Кендірлік кен орны солтүстiк-батыс бағытта ұзындығы 24 км-ге созылып, енi 11км болатын синклинальмен ұштасқан. Кендiрлiк көмiрi энергетикамен күнделiктi тұрмыста отын үшiн және газ алатын химиялық шикiзат ретiнде пайдаланылады. Бұл кен орнында тас көмiрдiң 400 млн тонна қоры бар. Кей уақытта жергiлiктi жердiң қажетiне жұмсалғанмен де, темiр жолдан қашықта болғандықтан бұл кен орнын толығынан игеру қиындық тудырып отыр. Ең бастысы, көмiр өндiру көлемiн ұлғайтып, Зайсан, Күршiм және Тарбағатай аудандары толық қамтылып отыр. Зайсан қаласының мұражай деректеріне көңіл бөлсек, Кендiрлiк тас көмiр кенi Зайсан қаласының оңтүстiк-шығыс жағында 65 км Сауыр үстiртiнiң терiстiк жағында жатыр. Сол маңнан бастау алатын Кендiрлiк өзенi арнасының маңында болуына байланысты солай аталған. Өзен маңын мекендеген ауыл қазақтары “қаратасты” табиғи отын ретiнде ертеден пайдаланған. Әрине, қолжұмысына сол маңындағы қазақ жұмысшылары да қатысып, тас көмiрдi қажеттi жерлерге көлiкпен тасып жеткiзген ол адамдарды старатель деп атаған. Шахталарда жұмысшылар жантүршiгерлiк ауыр жағдайда жұмыс iстедi. Көмiр қолқайла, кетпен, күрек, сом темiрмен қопарылып үңгiр ішіне салынған рельс арқылы далаға шығарылып, үйiлген. Дайындалған көмiр тек қыста Кендiрлiк өзенiнiң суы қатқаннан кейiн ат шанамен Зайсандағы ауқатты адамдарға ғана жеткізіліп отырған.Үлгі:Citation needed

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}