Карл Броккельман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:10, 2017 ж. сәуірдің 13 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Броккельман (Brockelmann) Карл (17.9.1868, Германия, Росток — 6.5.1956, Галле) — неміс шығыстанушысы. Шығыс тарихы, семитологиямен шұғылданған. 1900 жылдан Бреслау, Кенигсберг, Галле, Берлин, 1923 — 36 ж. Бреслау, 1946 жылдан Галле университеттерінің профессоры. Оның “Араб әдебиеті тарихы” аталатын биобиблиографиялық анықтамалығында (1 — 2 т., 1898 — 1902) араб тілінде жазған ақындар, әдебиетшілер мен ғалымдар, соның ішінде 7 — 20 ғ-лар тарихшылары, олардың еңбектері жөнінде маңызды мағлұматтар берілген. “Мұсылман халықтары мен мемлекеттерінің тарихы” (1939) деген еңбегі нақты деректер негізінде жазылған құнды шығарма.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Карл Броккельман|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}