Карлов университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:10, 2015 ж. қарашаның 4 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Университет

Карлов университеті

Карлов университеті(Үлгі:Lang-sh) - Европадағы байырғы университеттердің бірі және бірінші славян университеті. 1348 жылы Прагада император Карл IV негізін құрған. Алғашқыда университетте еркін өнер, құқық, медицина факультеттері болды.

Сурет:Prague Charles University.JPG
Университеттің басты корпусы

Тарихы

Гусив революция қозғалысы кезінде Карлов университеті ұлт-азаттық және антикатоликтік күрестің орталығына айналды. 1526 жылы Прагада Карлов университетінің ықпалын нашарлату мақсатында иезуиттік академия құрылды, ол 1654 жылы император Фердинанд III кезінде Карлов университетімен бірктіріліп, Карл-Фердинанд университеті болды. Ұлттық қайта өркендеу кезінде (18 ғ-дың соңы, 19 ғ-дың орта шені) университет студенттері мен профессорлары Чехияны Австрия үстемдігімен азат ету күресіне, 1448-1449 жылдары революциялық қозғалысқа қатысты. 1882 жылы Карлов университеті екіге: чех және неміс университетіне бөлінді. Неміс-фашизм оккупациясы кезінде университет жұмысын тоқтатып, 1945 жылы қайта ашылды.

Университет факультеттері

Карлов университеті құрамында:

  • математика және физика
  • жаратылыс тану ғылымдары
  • жалпы медицина
  • медицина
  • философия
  • заң
  • мәдениет және журналистика
  • дене тәрбиесі және спорт факультеттері бар.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы, 333-бет, 9-том, Алматы, 1976 ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер