Каппадокия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:07, 2015 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі Nkiukr (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Turkey.Uçhisar07.jpg
Каппадокия ландшафты
Сурет:Pasa Baglari 2008.JPG
Каппадокия ландшафты
Сурет:Uchisar valley.jpg
Каппадокия ландшафты

Каппадокия<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (Үлгі:Lang-el; Үлгі:Lang-tr; Үлгі:Lang-hy; Үлгі:Lang-fa) — Кіші Азияның орталық бөлігіндегі аймақтың ежелгі атауы. Ерте заманда Каппадокия халқы өздерін “хаттармыз” деп атаған. Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта бұл өңірге үндіеуропа тайпалары басып кіре бастады. Кейін осында Хет патшалығының негізгі бөлігі орналасты, Ассирияның сауда қоныстары болды. Біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырдан бастап Каппадокияны Мидия, Иран, кейін Рим империясы жаулап алды. Біздің заманымыздың 17 жылы елдің соңғы патшасы Архелей өлгеннен кейін Рим империясының провинциясына айналып, ел астанасы Мадак – Рим императоры Августың құрметіне Кесар деп аталды. Рим бөлінген кезде Каппадокия Византияның құрамында қалды. 1047 жылы аймақты селжұқтар басып алып, 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығының құрамында болды. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Каппадокия өзінің әйгілі сарайларымен әйгілі болды. Каппадокия территориясынан ежелгі Ассирия жазу үлгілері табылып, ол “Каппадокия кестесі” деп аталды

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:CommonscatҮлгі:Geo-stub