Калачевск

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Калачевск - қола дәуірінен қалған зират.

Қала орны

Ақмола облысы Есіл ауданына қарасты "Калачевск" ауылының жанында, Есіл өзенінің оң жақ жағалауында. Не бары 24 ескерткіш, олардың ішінде 3 жер оба, 7 тас қорғанды оба, 10 дөңгелек тас қорған, 4 тас төселген жайдақ алаң. Обалардың биіктігі 30 см-ден 1,20 м-ге дейін, диаметрі 9 м-ден 23 м-ге дейін.

Обаларды зерттеу

Ескерткіштердің 8-і қазылды. Саяз қазылған қабірлерге өлік өртеліп те, өртелмей де қойылған. Өртелмей жерленген өліктердің тізесін бүгіп, басын құбылаға қаратып, жантайта жатқызған. Қаңқа сүйектерінің қасынан әр түрлі үй тұрмысы құралдары және әшекей бұйымдар заттар табылды. Олар: әсем өрнекті, бабымен күйдірілген қыш ыдыстар, қоладан соққан сырғалар мен сақиналар. Кейбір обаларда мал және балық сүйектері кездеседі. Демек, ертеде Калачевск маңында малшы, диқаншы, аңшы тайпалар тұрған.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер