Йахйа пайғамбар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

01:24, 2017 ж. ақпанның 16 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ислам пайғамбарларыҮлгі:Ислам Жақия, Иоанн, Жохан (евр. Йехонон)Құран Кәрім кейіпкері, Пайғамбар, Зәкәрия пайғамбардың ұлы. Құран Кәрімде Иса, Ілияс сияқты пайғамбарлармен бір дәрежеде аталады. Інжілде Үлгі:Lang-ru деп келеді. Жақия бала кезінен ақылды болған, адамгершілігі зор, құдайшыл, сабырлы, ата-анасына қайырымды еді. Ол «Аллаһ Тағаланың сөздері» деген шындықты, яғни Иса мен оның тапсырмасын растаушы. Жақияның өмір жолы туралы аңыз-әңгімелер бар. Исаның емшілігін алғаш рет мойындаған, оның уағызына сеніп, көмек көрсеткен. Мұсылман аңызында, әсіресе, Жақияның қайнаған қайы туралы ерекше айтылады. Оның басы қайы салынған табақта және бейітінің басында қайнап тұрған. Жақияның басы Шамдағы Омейя мешітінде жерленген, мұсылмандар ол жерді қасиет тұтады. Құран әңгімесі, негізінен, Лукадағы Інжілге ұқсас келеді, біріншісінде тіпті одан «үзінді» келтірілген: Үлгі:Start citation «...Оның аты Жақия. Біз бұрын оған бір есімді бермеген едік». Үлгі:End citation Құранның қалыптасу кезеңдерінде, яғни Мекке мен Медине дәуірлерінде келтірілген Жакия туралы әңгіме оның дүниеге келуіне арналған және Аллаһ Тағаланың өзінің сенімді құлдарына қартайған шағында да бала сыйлай алатын қабілетін, оның құдіреттілігін дәлелдей түседі.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Ислам халықтары арасында Жақияның өмір жолы туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Оларда Жақияның бала кезінен ақылды, адамшылығы зор, құдайшыл, тақуа, сабырлы, ата-анасына қайырымды болғаны, әкесі Зәкәрияға әбден қартайған шағында Алла тағаланың берген баласы екені және “Жақияның қайнаған қаны” туралы аңыз ерекше айтылады. Жақияның басы Дамаск қаласындағы Омейя мешітінде жерленген, мұсылмандар ол жерді қасиетті орын ретінде қастерлейді. Ал Інжілде Жақия Иса пайғамбардың дүниеге келетінін халыққа хабарлаушы, оның ілімінің ең алғашқы уағыздаушысы болып бейнеленеді. Құран Кәрімде Жақия Ирод патшаның қызына үйленуден бас тартқаны үшін өлім жазасына кесілгені баяндалса, Інжілде оқиға Ирод патшаның туған күніне байланысты болған той үстінде өтеді. Тойда патша әйелінің бұрынғы күйеуінен (патшаның ағасы Филипптен) туған қыз Соломия жақсы биімен көзге түседі. Шарап буына қызара бөрткен патша оған қандай тілегіңді де орындаймын деп уәде береді. Қыз Жақияның басын сұрайды. Патша сол жерде Жақияның басын кесіп алып, табаққа салып, Соломияға тарту етеді. “Жақияның басы табақта да қайнап жатты” деген аңыз осыған байланысты пайда болған.

Есімі

Жақия пайғамбар (ивритше: ‏יוחנן המטביל‏‎‎‎, Йоханан бар Зехарья — «Зәкәрияның ұлы Жақия»; Йоханан ѓа-Матбиль [Хаматвил] — «сумен шомылдыру рәсімін өткізуші»; грекше: Ιωάννης ο Βαπτιστής, Иоаннес о Баптистес, Ιωάννης ο Πρόδρομος, Иоаннес о Продромос; латытша: Io(h)annes Baptista; арапша: يحيى‎‎, Йахия; орысша: Иоанн Креститель; қазақ тіліндегі баламасы: Жақия), шамамен б.э.д. 6-2 жылдары дүниеге келген және б.э. 30 жылы дүниеден қайтқан.<ref>Жақия пайғамбардың жасаған ғұмыры Інжілдегі баяндамалар негізінде анықталады (Michael Grant, Jesus: An Historian’s Review of the Gospels, Scribner’s, 1977, p. 71; John P. Meier, A Marginal Jew, Doubleday, 1991-, vol. 1:214; E. P. Sanders, The Historical Figure of Jesus, Penguin Books, 1993, pp. 10-11, and Ben Witherington III, "Primary Sources, " Christian History 17 (1998) No. 3:12-20.)</ref> Жақия – яһуди халқына жіберілген пайғамбар, ол пайғамбар болып Иса Мәсіхтің алдында келген, және Исаны яһудилердің көптен күтілген Машиахы (Мәсіхі) екендігін белгілеп кеткен. Ол шөл далада аскеттік түрде өмір сүрген және яһудилерді тәубесіне келтіру үшін, күнәдан тазарудың белгісі ретінде, суға шомылдыру рәсімін өткізген. Сонысымен елге танымал болды. Иса Мәсіхке Иордан өзенінде суға шомылдыру рәсімін өткізген. Яһидилік патшайым жауыз Иродиад пен оның қызы Саломейдің ықтиярымен оның басы кесілген.

Жақия пайғамбар Інжілде

Жақия пайғамбар жайында Інжілдің басты төрт ізгі хабаршыларының барлығы дерек қалдырған.

Дүниеге келуі

Жақияның балалық шағы жайында тек Лұқа баяндайды. Жақияның әкесі Зәкәрия есімді дінқызметкері, ал шешесі Елізабет есімді мүмін әйел болған. Жақия дүниеге келгенде әке-шешесі егде жаста болатын. Лұқаның Інжілінде айтылғандай, ғибадатханада Жәбірейіл періште Зәкәрияға көрініп, оған ұлды болатыны жайында хабар берген: Үлгі:Quotation

Інжілде, Зәкәрия періштенің айтқандарына күмән келтірді, сол үшін періште оны сөйлеу қабілетінен айырып мылқау етті делінеді. Інжіл бойынша, Жақия немерелес бауыры Исадан жарты жыл бұрын туған. Әкесі Зәкәрия әлі мылқау болып жүрді. Оның әйелі Елізабет періште айтқан «Жақия» деген есімді ұлына қоймақ болғанда, туыстары бұндай есім біздің әулетімізге бейтаныс деп, әкесінен оның есімін жазбаша түрде куәландыруды сұрады. Үлгі:Quotation

Жақияның қалған балалық шағы жайында Інжілде қысқаша мәліметтер келтіреді. Інжілде: «Жақия ержүрек, зейінді бала болып есейе берді. Исраил халқының алдына шыққанша, ол шөл далада тұрды» (Лұқа 1, 80), яғни ол есейген шағына дейін шөл далада өмір сүрген. Інжілде, Жақияның әкесі – Зәкәрия, «киелі үй мен құрбандық үстелінің арасында» өлтірілген делінеді, бұның күнәсін Иса Мәсіх сол кездегі яһудилерге жүктеген. (Матай 23:35)

Рухани қызметі

Ізгі хабаршы Лұқаның айтуы бойынша, шөл далада «Құдай Зәкәрияның ұлы Жақияға сөз қатқан» (Лұқа 3:2-3), сол кезден бастап Жақия пайғамбарлық міндетіне кіріседі. Жақия аскеттік ғұмыр кешкен және түйе жүнінен тігілген тұрпайы киім киген. Оның негізгі азығы дала балы мен акрид өсімдігі болған деседі. (Кей деректерде акрид шегірткенің бір түрі делінген). Бұл өсімдік негізінен ең кедей адамдардың күнделікті азығы болса керек. Өйткені, ешкім шынайы тәубені сезінбес, егер сол өсімдікті азық етпесе – деген халықтың мәтелі балған. Сондықтан тәубешіл ізгі адам үшін, қанағатшылдықтың үлгісін көрсетіп осылайша тәубе етуі орынды.

Жақия уағыз етуін б.э. 28 немесе 29 жылы бастаған («Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы» - Лұқа 3:1). Ол Иордан өзенінің бойындағы барлық өңірді аралап, «Күнәларыңа өкініп теріс жолдарыңан қайтыңдар, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді» - деп уағыз еткен.

Жақияның уағыздарынынан күнәһарларға деген Құдайдың қаһарын, оның халықты тәубеге шақыруын және эсхатологиялық хабарларды айқын байқауға болады. Яһудилер сол кездері өздерінің таңдаулы халық болғандарына тәкәппарланатын (әсіресе саддукейлер мен парызшылдар), сол үшін Жақия оларды қатты сөгетін. Ол әлеуметтік этиканың патриархалдық қағидаттарын қайта құруды талап еткен. Жақия - барлық бұрынғы исраил пайғамбарлары секілді пайғамбар болған. Иса Мәсіхтің нұсқауы бойынша, көптен күтілген Ілияс пайғамбардың "екінші рет келуі" Жақия пайғамбардың тұлғасында орындалған. (Матай 11:14, Матай 17:12).

Жақия пайғамбардың басты уағызы халықты тәубе жасауға шақыру. Парызшыл өркөкірек дінқызметшілерге Жақия былай деген:

Үлгі:Quotation

Сонымен қатар, Лұқа Інжілінің 3 тарауында Жақия пайғамбардың жасақшы-жауынгерлерге («Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала жауып тонамаңдар! Өз жалақыларыңа қанағаттаныңдар!» (Лұқа 3:14)), салықшыларға («Белгіленген мөлшерден артық еш нәрсе талап етпеңдер!» (Лұқа 3:13)), және бүкіл халыққа («Кімнің екі көйлегі болса, біреуін киімі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін!» (Лұқа 3:11)) берген ақыл сөздері келтірілген. Оны іздеп келгендерге, ол, Иордан өзенінде шомылдыру рәсімін өткізген. Яһуди халқы Құтқарушы Патша Мәсіхтің келуін күткендіктен, кей адамдар Жақия туралы іштей: «Бәлкім, осының өзі Мәсіх шығар?» — деп ойлаған. (Матай 9:14)

Жақияның Інжілдегі аса танымал сөздері:

  • «Мен шөл даладағы (Құдайдың) жар салған дауысымын». (Жохан 1:23)
  • «Тәубеге келіңдер, өйткені Көктің Патшалығы (орнайтын уақыт) жақындап қалды». (Матай 3:2)
  • «Мен сендерді тәубе қылудың белгісі ретінде суға шомылдыру рәсімінен өткіземін». (Матай 3:11)
  • «Белгіленген мөлшерден артық еш нәрсе талап етпеңдер!». (Лұқа 3:13)
  • «Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала жауып тонамаңдар! Өз жалақыларыңа қанағаттаныңдар!» (Лұқа 3:14)
  • «Кімнің екі көйлегі болса, біреуін киімі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін!» (Лұқа 3:11)

Иса Мәсіхті суға шомылдыру рәсімінен өткізуі

Сурет:Baptism-christ.jpg
Жақия пайғамбардың Иса Мәсіхті суға шомылдыру рәсімінен өткізуі. Пьеро делла Франческаның суреті, 1449 ж.

Жақия Иордан өзенінің бойында Бетанияда болғанда, оған Иса келді (Жохан 1:28), суға шомылу рәсімінен өту үшін. Бетания деген жер, бәлки, Бейт-Авара болса керек. Дегенмен, 15-ші ғасырдан бері бұл Әулие Жақияның монастыры тұрған жер деп есептеледі, алайда ол қазіргі Бейт-Авардан шақырымдық қашықтықта орналасқан, шамамен Иерихоннан шығысқа қарай 10 шақырымдық жер. Таяу арада Мәсіхтің келетіні жайында көп уағыз еткен Жақия, Исаны көргенде, таңдана оған былай деді: «Сен маған келіп тұрсың ба, шомылдыру рәсімін сен маған өткізсең дұрыс болар еді?» Сонда Иса: «жазмышты орындағанымыз дұрыс болар» деді де, Жақияның қолынан шомылдыру рәсімінен өтті. Сол сәтте «көк аспан ашылып, Құдайдың Рухы, көгершін секілді көрініп, Исаға қонды. Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді. (Лұқа 3:21-22) Осылайша, қалың жұрттың көзінше, Жақияның қатысуымен Исаның мәсіхтік (Машиах) міндеті расталды. Сол кездегі рәсім, Исаға көп әсерін берген және ізгі хабаршылардың пайымы бойынша, бұл оның қоғамдық өмірдегі алғашқы оқиғасы болған. Исаға рәсім өткізген соң, «Жақия пайғамбар Сәлім қаласына жақын Енонда да осы рәсімді орындап жүрді, өйткені ол жердің суы мол болған» (Жохан 3:23). Ізгі хабаршы Жоханның айтуы бойынша, Исаның он екі сахабасының алғашқылары Жақия пайғамбардың уағызымен келген: «Келесі күні Жақия мен оның екі шәкірті тағы сол жерде тұрды. Ол қастарынан өтіп бара жатқан Исаны көріп: «Қараңдар, мынау — Құдайдың Тоқтысы!» — деді. Екі шәкірті Жақияның айтқанын естіп, Исаның соңынан ере бастады» (Жохан 1:35-37). Шамамен б.э. 30 жылы Жақия түрмеге қамалды, содан бастап ол ел ішінде жүріп пайғамбарлық қызметін атқара алмады.

Түрмеге қамалуы және өлімі

Сурет:StJohnInUmmayad.jpg
Умәйят мешітіндегі Жақия пайғамбардың қабірі (Дамаск қ.)

Жақия пайғамбар, Ғалилеяның басшысы Ирод Антипастың шариғатқа қайшы әрекеттерін бетіне басатын, әсіресе ол өзінің туған бауыры Ирод Філіптің әйелі Иродияны тартып алып, соған үйленгенін қатты сөккен. Ол Иродтың бұл қылығы Тәурат заңына қайшы дейтұғын. Соны айтқаны үшін Жақия түрмеге қамалды, алайда оны өлтіруге Ирод асықпады, өйткені Жақияны «пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты» (Матай 14:3-5, Марқа 6:17-20). Матай мен Марқаның ізгі хабарларына сай, Иса ораза тұтып шөл далада болған кезде, Жақия қамауға алынған. Бұдан белгілі болғаны, Исаның пайғамбар ретіндегі қоғамдық қызметі Жақияның қызметі аяқталған кезде басталған (Матай 4:12, Марқа 1:14). Жақия зынданда отырғанда, ол «Мәсіхтің жасаған істері жайында естіген. Сөйтіп, Оған екі шәкіртін жіберіп, Одан: Келуі уәде етілген Құтқарушы, расында, Сенсің бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе? — деп сұратыпты» (Матай 11:2-3).
Ирод Антипаның туған күнінде Иродияданың қызы Саломея «бәрінің алдында би билеп, патшаға және оның қонақтарына қатты ұнап қалды». Бидің сиы ретінде Ирод бойжеткен қызға, «не сұрасаң да соны беремін», деп ант ішті. Қыз шығып, шешесінің сыбырлауымен, Жақияның басын шауып әкелуді сұрады. Өйткені Саломеяның шешесі Иродия, оның некесі шариғатқа қайшы дегені үшін, Жақияны жаман жек көретін. «Патша еңсесі түсіп қатты қапаланды. Алайда бірге отырған қонақтарының алдында ант бергендіктен, қыздың өтінішін аяқсыз қалдырғысы келмеді» (Марқа 6:26). Жақия отырған зынданға бір жасақшысы жібертілді, ол оның басын шауып, табаққа салып, қызға әкелді. «Қыз оны шешесіне апарып берді». Бұл қайғылы оқиғаны Жақияның шәкірттері естігенде, келіп, оның денесін алып кетіп, қабірге қойды және қаралы хабарды Исаға естіртті (Матай 14:6-12, Марқа 6:21-29).

Жақияның пайғамбарлығы және «Ілияс болудағы» функциясы

Жақия пайғамбардың тұлғасы және ол Исаға шомылдыру рәсімін өткізуі яһудилер үшін Исаның Машиах (Мәсіх) екендігін растайтын басты оқиға саналады, өйткені сол арқылы көне жазбалардағы пайғамбарлықтар іске асырылды. Осылайша, Інжілдегі түсіндірмелер (Матай 11:10, Марқа 1:2) Жақияға қатысты көне жазбалардағы келесі пайғамбарлықтарды қарастырады:

Үлгі:Quotation

Б.э.д. шамамен 400 жыл бұрын өмір сүрген Малахи пайғамбардың айтуы бойынша (Малахи 4:5-6), уәде етілген Мәсіх келерден бұрын Ілияс пайғамбар аспаннан түсіп қайтып келуі керек, ол Мәсіхтің маңдайын патшалыққа майлап, оның рухани дәрежесін растамақ. Сондықтан, Інжіл бойынша, көне пайғамбарлықтарда айтылған Ілиястың міндетін Жақия пайғамбар орындаған, өйткені ол да «Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне бөленген» (Лұқа 1:17).

Жақия пайғамбардың шөл далада аскеттік түрде өмір сүру образы және патшалар мен дінбасшыларға қарсы қорықпастан сын айту бейнесі (Мәсіхтен бұрын қайтып келуі тиіс болған) Ілияс пайғамбарға ұқсас болғаны соншалықты, тіпті ол өзінің Ілиясқа ұқсайтындығын әдейілеп жасырмақ болғанды (Жохан 1:21).

Матайдың Інжілінде Жақия пайғамбар Исаның Мәсіхтік дәрежесіне күмән келтіргендей көрінеді, алайда бұл олай емес. Өйткені Исаны суға шомылдыру рәсімі кезінде Жақияның өзі Исаның Мәсіхтік дәрежесін растаған (Жохан 1:34). Ал Жақия өз шәкірттерін Исаға жіберуі, олар Исаға өздері жолықсын, сөйтіп оның шын Мәсіх екендігіне өздері көз жеткізсін дегені болар. Осыдан кейін Жақияның шәкірттері Мәсіхтің соңынан ерулері керек болды. Жақияның бұлай істегенінің себебі, өйткені ол өзі пайғамбар болғандықтан, таяу арада ажалды болатынын сезген.

Жақия өлімге құшқаннан кейін, Иса Мәсіхтің өзі оның Ілияс болғандығын растаған. «Ілияс келіп қойған ба?», - деген сұраққа, Иса былай деп жауап қатқан: «Ілияс әлдеқашан келген, алайда жазмышта жазылғандай, адамдар оған ойына келгендерін істеді». (Марқа 9:13)

Шәкірттері де Ілиястың келуі жайында сұрағанда, Иса оларға былай деп жауап берген:

Үлгі:Quotation

Інжілдің тағы бір жерінде Иса Мәсіх көне жазбадағы Малахидің хабарын (Матай 11:10) Жақияға қатысты айтылғанын сөз етіп, былай деген:

Үлгі:Quotation

Жақия пайғамбар Исламда

Ислам діні Жақияның (оған Алланың сәлеметі болсын) пайғамбарлығын мойындайды, және мұсылмандар оны Құдай Тағаланың Сөзін растаушы және Иса Мәсіхтің (оған Алланың сәлеметі болсын) келуін білдірткен пайғамбар ретінде көреді. Оның әкесі Зәкәрия да ислам пайғамбары саналады. Хадистердегі мәлімет бойынша, Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Сас Миғраж сапарында көрген пайғамбарлардың арасында Жақия да болған. Ол оны, екінші қат аспанға көтерілгенде, немерелес бауыры Иса Мәсіхпен бірге көрген.<ref>"Сахих Бұхари" хадистер жинағы. "Банийану-л-Кә‛бә. Бәбу-л-Ми‛раж" тарауы</ref> Құран бойынша, Алла Тағала оған туған кезінде және өмірден озарында амандық берген.

Құран мәліметтері

Құранда Зәкәрияның Құдайдан ұл сұрап тілек-дұға еткені жиі айтылады.<ref>Құран Кәрім, Әли-Имран сүресі 3:38-41; Мәриәм сүресі 19:2-11; Әнбия сүресі 21:89-90</ref> Зәкәрияның жұбайы бедеу болған, сондықтан оның жүкті болуы мүмкін емес болып көрінді. Құранда бұл жайында былай делінген:

Үлгі:Quotation

Зәкәрияның дұғасы қабыл болды, Құдай оған перзент силады. Перзентке қойылған «Жақия» есімі бұрын сонды ешкімге қойылмаған болатын. Зәкәрияның дұғасына сай, Жақия исраил халқына тура жолды көрсетуші, Құдайдың хабарын жеткізуші пайғамбар болып өсті. Құран Кәрімде былай делінген:

Үлгі:Quotation

Жақия исраил халқына жіберілген пайғамбар, ол Тәураттың шариғат жолын ұстануға шақырған. Құдай оған тіпті сәби кезінде даналық дарытқан. Ол өте тақуа, әрдайым Құдай Тағаланың қамқорлығына үміт артқан жаны таза адам болған. Ол әке-шешесіне мейірімді болған, қиқарлық пен тәкаппарлық тан ада еді. Бала кезінен Киелі Кітапты жақсы түсініп, жақсы білетін, сонысымен өз заманыңдағы ғұламаларды таңқалдырған. Құдай Тағала оның дәрежесін асқақ етті, ол халқының барлық күнәлі істері жайында қорықпастан ашығын бетіне айтатын. Жақия пайғамбардың Құдайға деген нәзік махаббаты мен тақуалығы, сондай-ақ оның өмірге деген қарапайым көзқарасы үшін Алла оған таза өмір тарту еткен.

Үлгі:Quotation

Сопылық жолда және исламдық мистицизмде Жақия пайғамбарды аса құрмет тұтады, әсіресе, Құранда айтылған оның таза өмірі мен мейірбандылығы үшін. Жақаяға сәби кезінде Құдай тарапынан берілген «даналық» пен оның Иса пайғамбармен қатарлас болғаны аса мәнді саналады. Құранда Жақия мен Исаға қатысты қолданылған кей сөздер бір-біріне ұқсас мәнерде айтылады. Мысалы, Жақия пайғамбарға қатысты Алла Тағала айтады: «Оған туған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын».<ref>Құран Кәрім, Мәриәм сүресі 19:15</ref> Иса Мәсіх те өзіне қатысты: «Маған туған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады» - деген.<ref>Құран Кәрім, Мәриәм сүресі 19:33</ref> Бұл Жақия мен Исаның тағдырлары бір-біріне ұқсас болғандығын білдіртсе керек.

Дереккөздер

<references/>