Исіну

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:09, 2017 ж. наурыздың 14 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Исінубие, сиыр, т.б. сауын малдарының уақытша сүт бермей қоюы. Бұл физиолиялық процесс, шартты рефлекске байланысты. Төлін бауырына салғанда мал иіп, сүт желіннен емшектің үрпіне келеді. Төлін емізбесе, саумаса, мал исініп сүт бермей қояды, бұл жағдай, әсіресе, сауын сиырда жиі кездеседі. Кейбір сиыр иесіне үйренгендіктен бұзаусыз да иіп саудыра береді. Соңғы кезде сүтті сиырлардың сүтін толық пайдалану үшін кейбір шаруашылықтар бір сиырдың бауырына бірнеше бұзау жіберіп, басқаша төл өсіру әдісін қолданып отыр. Бұл әдісте бұзау күту жеңілдейді, бұзаудың ішек-қарын ауруына шалдығуы азаяды, еңбек өнімділігі артады, төл шығыны азаяды, яғни бір маусымда бір сиырға үш рет топтап, 8 – 12 бұзау теліп өсіруге болады.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Исіну|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}