Иран

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет

Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам РеспубликасыАзияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.

Табиғаты

Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығыс Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, ортасында Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстігін — Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік.

Қаңтардағы орташа температура 2°С-тан 19,4°С-қа дейін, шілде айында 29,4 — 32,5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50 — 60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері — Карун, Сефидруд, Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б.

Тарихы

Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673–672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616–605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды.

Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті. Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзеннен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады (мысалы, Кир ІІ, Дарий І).

Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғасырдың орта тұсынан бастап Парфия патшалығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғасырдың 2-жартысында Иран Араб халифаты құрамына қосылды.

8 ғасырда Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын Бағдадқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экон. дамуды басынан кешірді. 9 — 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады. Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді. 11 ғасырда Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін құрды. 12 ғасырда салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаїы Текеш басып алды.

1220 — 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. 14 ғасырдың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 — 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 — 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 — 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, Әзірбайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті.

19 ғасырдың аяғына таман Иран еур. мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 — 11 ж. елде шетелдіктерге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Елде ағылшын үстемдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21 ақпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемл. төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсүйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. 1925 ж. 31 қазанда 5-меджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды Реза шаї Пехлеви деп жариялады.

Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Халықтың мәдени және тұрмыстық өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 — 33 ж. болған дүниежүз. экономикалық дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады. Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар басталды. Ол толқулар күшпен басылып отырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Иранға одақтастар әскерлері енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әскерлері, 1942 ж. аяғына таман АҚШ әскерлері). 1941 ж. 16 қыркүйекте Реза шаї тақтан өз еркімен бас тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви шаї болды. 1942 ж. 29 қаңтарда Иран КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен одақтастық туралы шартқа қол қойды. 1943 ж. 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жоқ.

Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялық тұтастығын сақтауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатты. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М.Мосаддық үкіметі құлатылды. Иран шаһы М.Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978 — 79 ж. халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 ж. 11 ақпанда болған революция нәтижесінде шаї үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни келді. Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып, Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді.

1980–1990 ж. болған иран-ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АҚШ долларынан астам) зардаптар әкелді (қ. Иран — Ирак соғысы). Қазіргі кезде Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты ықпалын бәсеңдету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.

Экономикасы

Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т-ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді.

Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АҚШ долл-на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3,5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен — азық-түлік өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда болып қайтты. Сол кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А.Хашеми Рафсанджани, 1998 ж. М.Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-қа жуық келісімдерге қол қойылған, соның ішінде ең маңыздылары мұнай мен газды Иран арқылы шетке шығару, жаңа астанадағы құрылысқа Иран жағының қатысуы, Каспий тенізі мәртебесін шешу, т.б. мәселелер. 2002 ж. АлматыТегеран бағытында темір жол байланысы орнатылды.

Әдебиеті

Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд, т.б.) мен түркі тілінде сөйлейтін (өзбек, түрікмен, Әзірбайжан, түрік) халықтардың әдебиеті арқылы қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (7 — 16 ғасырлар) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды.

Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғасыр), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды (“Қалила мен Димна”, т.б.). Парсы тіліндегі әдебиет, әсіресе, Рудаки (860 — 941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 — 1020 ж.ш.) “Шаһнама” эпопеясын жазды. Көрнекті ақын әрі ғалым Омар Хайям (1048 ж. ш. т. — 1122 жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын жырлады. Әзірбайжан ақыны Низамидің (1141 —1209) “Бестік” (“Хамса”) атты шығармасы жазылған кезден бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген кезі — 13 — 14 ғасырлар. Бұл кезде Закани, ибн-Ямин, Сағди, Хафиз сияқты атақты ақындар шықты.

Иран революциясы (1905 — 11) және азаматтық қозғалыс (1918 — 21) кезінде А.Фарахани, М.Кермани, М.Т. Бехар, т.б. ақындар демокр. идеяның жыршысы болды. Бұл кезде С.Хедаяттың “Қаңғыбас төбет” (1943), “Азғындық” (1944) әңгімелер жинақтары мен “Хаджи аға” повесі (1945), Б.Алевидің “Елу үш” (1942), “Түрме жазбалары” (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды көрсеткен Ускуидің “Періште жылағанда” (1963), Саркоштың “Көз жасының зары” (1965), А.М. Афганидің “Аху-ханумның күйеуі” (1962), т.б. роман-повестері жарияланды. Иран әдебиетінен “Парсы ертегілері” (1958), Омар Хайям рубаилары (1965), Сағдидың “Бустан” дастаны (1970), т.б. қазақ тіліне аударылды.

Өнері

Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған (қ. Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 — 7 ғасырлар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс., Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғасырда арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медреселер, күмбездер пайда болды. 1305 — 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Ольджейту-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаї) тұрғызылды. 14 ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды.

15 ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер етті. 16 — 17 ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси, т.б.) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18 — 19 ғасырларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы туындылар өмірге келді. 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғасырдың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған.

Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы, негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық ән) түрлері көп тараған. Музыкалық аспаптары: саз, тар (ішекті), кеманча (әшекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы). Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді. 9 ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңқы жойылды. 19 ғасырдың 2-жартысынан Иран музыкасына еур. муз мәдениеті әсер етті. 20 ғасырдың 20-жылдары композитор әрі шебер орындаушы, Тегеран университетінің профессоры Әли Наги Уәзири ұлттық музыканы оқып-үйренудің негізін салды, музыкалық теориясынан оқулық жазып, Тегеранда музыкалық мектебін ашты. Иранда Рудаки атынд. Опера және балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, филармония (1953), 2 симф. оркестр жұмыс істейді.

Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер театры жайлы деректер сақталған. Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары болған. 10 ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің құрамына енді. 17 — 18 ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі — тазийенің негізін қалады. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер — масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911 — 12 ж. еур. театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды. Бұл театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады.

1930 — 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Батыс Еуропа драмалары мен мелодрамалар орын алды. 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 ж. Тегеранда кәсіби актерлер дайындайтын драм. студия ашылды. Тегеранда “25-шахривар”, “Касра”, “Нәсір”, “Жамейе Барбод”, Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда “Сепахан”, Хамаданда “Були” театрлары жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп тұрды. 1973 ж. осы фестивальға Қазақ драма театрының труппасы қатысып, Ш.Айтматовтың “Ана — Жер-ана” спектаклін көрсетті.

1930 ж. тұңғыш “Әб аби” атты фарстық фильм (реж. Эханиян), 1934 ж. дыбысты “Лор қызы” фильмі (реж. А.Х. Сепента) түсірілді. 20 ғасырдың 40-жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 ж. Тегеранда “Митра-фильм” киностудиясы құрылды. 1960 — 1970 ж. музыкалық комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықар., 1970 жылдан ұлттық кинофестивальдер өткізіліп тұрады. Иран кинематографиясының дамуына реж. И.Кушан, М.Мисагие, Мохтасем, М.Мохсени, С.Ясеми, Ш.Рафия елеулі үлес қосты.<ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref>

Әкімшілік бөлінісі

Үлгі:Main Иран 31 останға бөлінеді: Үлгі:Image label begin Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label small Үлгі:Image label end

  1. Tегеран
  2. Құм
  3. Маркази
  4. Қазвин
  5. Гилан
  6. Ардабил
  7. Занчан
  8. Шығыс Әзірбайжан
  9. Батыс Әзірбайжан
  10. Күрдістан
  11. Һамадан
  12. Керманшаһ
  13. Илам
  14. Лұрстан
  15. Хузистан
  16. Эльбурс
  1. Чахармақал және Бахтиари
  2. Кугилуя және Буйир-Аһмад
  3. Бушеһр
  4. Парс
  5. Құрмұзған
  6. Сейістан және Белуджстан
  7. Керман
  8. Язд
  9. Исфаған
  10. Симнан
  11. Мазандаран
  12. Гүлстан
  13. Солтүстік Хорасан
  14. Ризауи Хорасан
  15. Оңтүстік Хорасан

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үкіметтік сайттары

Үлгі:Азия Үлгі:Ислам Әріптестік Ұйымы Үлгі:Каспий теңізін қоршаған елдер

Үлгі:Иран тақырыптарда