Идеографиялық жазу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Egypte louvre 225 hieroglyphes.jpg
Мысырлық иероглифтер

Идеографиялық жазу (грекше іdea – идея, grapho – жазу)<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> – жазудың бір түрі. Идеографиялық жазу пиктографиялық жазудан дамыған. Идеографиялық жазуда таңба суреттен алыстап, шартты сызықтарға айналған, онда әр таңба бір сөз мәнін білдіреді. Идеографиялық жазу таңбалары идеограмма деп аталады. Идеограммалар заттың суреті болғандықтан, алғаш оның мағынасы суреттегі заттың атымен сәйкес келетін болған. Кейін идеограмма дерексіз ұғымдарды да білдіретіні дәлелденген. Мысалы, “кәрілік” дегенді таяққа сүйенген адамның суреті, “салқын” дегенді түтіктен аққан судың суреті білдірсе, Күннің суреті “ыстық”, екі аяқтың суреті “жүру” мағынасын аңғартқан. Идеограмма дами келе дәл суреттің өзінен гөрі соған қатысты мәнді (идеяны) білдіретін болған. Сөйтіп сурет-таңба таңба-идеяға айналған, бірақ идеограмманың дыбысқа қатысы жоқ, ол суреттен өте алыстаған, барған сайын шартты сызықтарға айналады. Идеографиялық жазудың кейбір түрлері қазіргі кезде де қолданылатыны белгілі. Мысалы, автомобильдерге жүруге тыйым салатын белгілер, т.б. ғылым салаларында қолданылатын таңбалар идеограммалар болып саналады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Сурет:Roadsign-prohibitory-1.png
Жол белгілері

Идеографиялық жазу жеке сөздерді, морфемаларды сурет немесе шартты таңблар арқылы белгіленеді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың негзгілері:

Идеографиялық жазудың таңбалары қазіргі дыбыстық жазуда қолданылады. Мысалы, цифрлар, математикалық, химиялық,т.б. ғылыми техникалық шартты таңбалар.

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Идеографиялық жазу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}