Зұлпықар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:10, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Зұлпықар (арабша қат-қабат өрнекті) – Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) қылышының атауы.

Бұрынғы иесі Мәнбе ибн Хожаж Бәдр шайқасында қаза тапқаннан кейін Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) өзіне таңдап алған. Кейін ОҺод соғысында Әли Әбу Талибке (Әзірет Әлі) тарту еткен. Одан соң Аббас әулетінен шыққан халифаларының қолына түсті. Қылыштың құдіреті туралы мұсылман халықтарында көптеген аңыздар таралған. Қазақ халқы арасында да кең таралған “Сал-Сал”, “Зарқұм”, “Дариға қыз”, т.б. діни қиссаларда Әзірет Әлінің қолындағы зұлпықар қылышының құдіреті туралы айтылады. Зұлпықар қазіргі уақытта Стамбұл қаласындағы Топ Капы мұражайында сақтаулы тұр.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub