Зия Гөкалп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:15, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға Зия Гөкалп, Мехмет Зия Гөкалп (1876, Түркия, Диарбакыр қаласы – 1924, Стамбұл) – түрік жазушысы, қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

Диарбакыр әскери училищесінде оқыды. Орта мектепті бітірген соң, Стамбұлдағы тегін оқу орнына (Байтар мектебі) оқуға түсті (1895). Сұлтан Абдулхамид ҚҚ-нің басқару жүйесіне наразылық білдірушілермен саяси қарым-қатынаста болғаны үшін тұтқынға алынды. Ташкышла және Заптие түрмелеріндегі 13 ай тұтқыннан кейін (1889 – 1900) Диарбакырға оралды. Мұнда да еркіндікті және конституциялық басқару жүйесін қолдаушылармен саяси байланыста болды, түркітануға байланысты ауқымды ғылыми жұмыстарға ден қойды. Түркияда екінші конституция жарияланғаннан кейін “Бірлік және прогресс” (“Иттихат ве теракки”) қоғамының Диарбакыр бөлімін құрып, оған жетекшілік етті. Диарбакырдың “Джила” және өзі шығарып тұрған “Пейман” газетінде (1909) халық мұратын қолдаған өлеңдері мен конституция туралы мақалаларын жариялады. “Бірлік және прогресс” қоғамының Селаникте өткен жалпы құрылтайына Диарбакырдан өкіл болып қатысты (1909), қоғамның орталық ұйымына мүшелікке сайланды. Селаникте Өмер Сейфеттин мен Али Жаниптың басқаруымен шығып тұрған “Жас қаламдар” журналына өлеңдері мен мақалаларын, әйгілі “Тұран” өлеңін, т.б. жариялады. Ергани аймағынан мәжіліс депутаттығына сайланды (1912). Төрт айдан соң мәжіліс депутаты бола жүріп Дарулфунның (Стамбұл университеті) ғыл. кеңесіне мүшелікке (қоғамтану проф.) сайланды (1915 – 19); сонымен қатар “Түрік жұрты”, “Халыққа қарата”, “Түрік сөзі”, “Ислам жинағы”, “Ұлттық зерттеулер жинағы” сияқты басылымдарда өркениет пен мәдениеттің түрлі салаларына қатысты мақалаларын жария етті.

1919 жылы ағылшындар Стамбұлды жаулап алғанда түріктің бірқатар көрнекті ақын-жазушы, ойшыл, діни және мемлекет қайраткерлерімен бірге тұтқындалып, Мальта аралына жер аударылды. Тұтқыннан оралғаннан кейін түрік ақыл-ойына жаңаша мазмұн берген “Күчүк мәжмуаны” (шағын журнал) шығарып отырды. “Құрастыру және аударма комиссиясының” жетекшісі міндетін атқара жүріп (Анкара, 1923 жылы), “Түрік өркениетінің тарихы” атты еңбегін толық аяқтай алмай Стамбұлда 49 жасында қайтыс болды. Түрікшілік, ұлысшылық ұғымының кеңінен қанат жайып, дамуына зор еңбек еткен Зия Гөкалп “Түрікшілік – түрік ұлтын өркендету, биіктету” деп айқындама берді. Оның пікірінше, “Ұлт – тілі, діні, моралі және эстетикасы ортақ, яғни бір тәрбие алған тұлғалардан құралған топ”. Түрік ұлысының өркениетке жету жолы: “Түркияшылдық, оғызшылық-түрікменшілік және тұраншылық”. Тұран болса, түркі ұлыстарының “Бұрын шындыққа айналған немесе болашақта шындыққа айналатын Ұлы Отаны”. Зия Гөкалп түрік тіліндегі араб, парсы грамматикалық ережелерін алып тастауды, шетелдік сөздерді тілдік қолданыстан шығаруды қажет деп санаған. Өз көзқарасын, пікірлерін тарату мақсатымен дидактикалық өлеңдер жазған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

шығармашылығы

ғылымы

поэзиясы

поэмалары

публицистикасы

прозасы

Өлең үлгілері

З. Гөкaлп :

Түркiлерге Түркiя дa, Түркiстaн дa емес Отaн,

Отaн - ұлы жaне мәңгiлiк өлке Тұрaн,

- деп З. Гөкaлп тегi бiр Түркi дүниесiнiң aт бaйлaп, aрқa тұтaр жерi Тұрaн екенiн ұқтырып, жiгерге жiгер қосты<ref>Aлтaйдaғы жүрегiм: Мaғжaн Жұмaбaйғa жaуaп. Фейзұллax Бұдaқ. шiлде 2003. Aнкaрa. б. 102</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зия Гөкалп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}