Зиян келтіргені үшін жауаптылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Зиян келтіргені үшін жауаптылық, азаматтық құқықта – азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге оны толық көлемде өтеуге міндеттілігі. Заңда немесе шартта зиян келтірушінің жәбірленушіге зиянның өтеуінен тыс өтемақы төлеуге міндеттілігі белгіленуі мүмкін. Зиян келтірген адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген жағдайда зиянды өтеуден босатылады. Егер зиян жәбірленушінің өтінішімен немесе келісімімен келтірілсе, ал зиян келтірушінің әрекеттері қоғамның адамгершілік қағидаттарын бұзбаған болса, ол зиянды өтеуден босатылуы мүмкін. Қажетті қорғаныс жағдайында келтірілген зиян қорғаныс шегінен шығып кетпесе, өтелмейді. Аса қажеттілік жағдайда келтірілген зиян, яки зиян келтірушінің өзіне немесе басқа адамдарға төнген қауіпті жою үшін жасалған әрекеттерден келтірілген зиян, бұл қауіп басқадай жолмен жойылмайтын болған жағдайда, өтелуге тиіс. Мұндай зиянның келтірілуіне себеп болған мән-жайды ескере отырып, сот оны өтеу міндеттілігін үшінші бір адамға (зиян келтіруші соның мүддесі үшін әрекет еткен болса) жүктеуі мүмкін. Жұмыс беруші, яки заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызмет бабындағы, лауазымдық) міндеттерін орындау кезінде келтірген зиянды өтеуге міндетті. Жалпы ереже бойынша, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ, олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан, соның ішінде заңға немесе өзге құқықтық актіге сай келмейтін акт шығаруы салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян өтелуге тиіс.

Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, қылмысты болдырмау шарасы ретінде қамауда ұстауды не кетіп қалмауға қолхат алуды заңсыз қолдану, тұтқындау немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік шараларды заңсыз қолдану әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтеледі. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік олардың ата-аналарына, асырап алушыларға, қамқоршыларына, қорғаншыларына жүктеледі. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зияны үшін жалпы негізде жауапқа тартылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауаптылық қорғаншыға немесе оны қадағалауға міндетті ұйымға жүктеледі. Маскүнемдікке салыну немесе есірткіқұмарлық салдарынан әрекетке қабілеті шектелген азамат келтірген зиянды оның өзі өтейді. Әрекет етуге қабілетті азамат немесе 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе оны басқара алмаған жағдайда келтірген зияны үшін жалпы ереже бойынша жауап бермейді. Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілсе, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды толық не ішінара өтеуді зиян келтірушіге міндеттейді. Ал өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған жағдайға маскүнемдікпен, есірткі заттарын қолданумен, басқа да тәсілдермен өзін-өзі жоғарыдағыдай жағдайға келтірген зиянкес жауаптылықтан босатылмайды. Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін заңды тұлғалар мен азаматтар келтірілген зиянды (бұл зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің қаскүнемдігі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса) өтеуге міндетті. Бірлесіп зиян келтірушілер жәбірленуші алдында бірге жауап береді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы,4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зиян келтіргені үшін жауаптылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}